Новости
03 март 2021 г, 17:08

Добро пожаловать, весна!




























Құрметті әріптестер! 
Қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен және Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл шуақты мейрамдар қашанда ең ізгі, ең ыстық сезімдерге толы. Өйткені, бұл күндер асыл жанды аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың, жаны жайсаң жеңгелеріміз бен инабатты келіндеріміздің қуанышы, жер - жаһанға тіршілік нәрін себетін ізгілік пен бірліктің мерекесі.
Әйел қауымын қастерлеу - аналарымыздың алдындағы перзенттік парызымыз, жалпы нәзік жандылардың алдында ер азамат ретінде міндетіміз. Анасын асылым деп санайтын, апа – жеңгелерін қымбатына балайтын, қарындасын қарлығашым деп қадірлейтін, өмірінің қосағы сүйікті жары мен тәтті сезімінің жемісі өз қызын жанындай жақсы көретін ерлер қауымының барлығына ортақ сезім.
Ару көктем алып келетін жарқын мерекеміз Наурыз мейрамы – береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі. Бұл күні барша жұрт өкпе - ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастарқан басында қайта табысып жатады. Адамдар бір - біріне бақыт пен береке тілеседі. Келер жылдан кемелдік тілеп, амандық айтысып, ақ пейілдерін арнайды.   Осынау Ұлыстың Ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады. Олай болса, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ақ мол болсын, құт қонсын, Қыдыр – бақ дарысын! 
Ізгі ниетпен,
колледж құрылтайшысы Мирамбек ИСАЕВ. 
630
Добавить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Архив новостей

«    Январь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan