Новости
03 март 2021 г, 17:19
Поздравление
Құрметті Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің ұжымы!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекелері – Халықаралық әйелдер күні және Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Қай кезде де әрбір халық үшін әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух беріп келеді. Біздің ата-бабаларымыз әйелдің тек үйдегі ғана емес, жаратылыстағы маңыздылығын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген. Ең қасиетті ұғымдар – Отан, Ана тілі, Туған жерді ананың мейірімі мен қамқорлығына балады.
Қазір де, Сіздер, әсемдік әлемінің үлгісіндей сұлу да сымбатты қалыптарыңызды сақтай отырып, шаңырақтың шырайын келтірер Отанасы – аяулы ана, адал жар, үлгілі қызметкер миссияларын қатар алып жүрсіздер.
Наурыз мейрамы қашан да жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған.
Ежелден Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін сүйікті мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.
Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға берекесі мен бірлігін, елімізге ырысы мен ынтымағын, тыныштығы мен жақсылығын әкелсін!
Осындай шуақты мерекелеріңізде сіздерге бақыт пен махаббат, еңбектеріңізге табыс, шалқар шабыт пен мол қуаныш, зор денсаулық пен отбасылық бақ-береке тілеймін.
Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Ақзира ҚАСЫМОВА.
502