Колледж туралы

Тарихы

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің (бұрынғы «Жас өркен») ұлттық және өңірлік еңбек нарығында білім беру қызметі ҚР Әділет министрлігі, Қызылорда облысының Әділет департаменті (01.11.2002 жыл № 5165-1033-М-е заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) және нормативтік-құқықтық актілер негізінде тіркелген «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы және  колледждің  Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі мекемесінің нормативтік-құқықтық құжаттарға сай жүйелі түрде жұмыс жасауын Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті  бақылау жасайды.
Колледж өңіріміздегі іргелі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылады. Бұл білім нарығында өз орны бар, динамикалық тұрғыда  дамудағы материалдық-техникалық базаға ие және оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын оқу орны.
Колледждің қызметі өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық сұраныстарға сәйкес еңбек нарығындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Колледж білім беру қызметін 2020 жылғы 16 маусымдағы №KZ78LAA00018391  лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық білім беру жүйесі шеңберінде берілген. Колледж күндізгі және сырттай оқыту нысандарында мамандарды даярлауды жүзеге асырады, оқыту тілі - мемлекеттік және орыс тілі. Қазіргі контингенттің сұранысына сай мемлекеттік тілде оқытылуда.
Колледж миссиясы – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өндірістік әлеуетін және экономикасын дамыту үшін жоғары деңгейдегі құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Техникалық және кәсіптік білім беруде мамандарды дайындау келесі мамандықтар  бойынша жүргізіледі:
01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
07321200 – Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану 
07320100– Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
07220100 – Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі
10320200 – Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша) 
07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
10410300 – Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
01140100 - Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
01140500 - Дене тәрбиесі және спорт

Колледжде оқу үрдісін ұйымдастыру және өткізу үшін келесі бағыттар бойынша циклдік әдістемелік комиссиялар  құрылып, жұмыс жасайды:
  •  «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндер» 
  • «Техникалық пәндер» 
Қазіргі кезде   педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестілген тұлғалар саны - 41.
Педагогикалық қызметкерлердің жалпы санынан есептегенде сапалық көрсеткіш 65 пайызды құрайды. Яғни, жоғары санаттылар – 16, бірінші санаттылар - 11, сонымен қатар екінші санаттағылар -11, санаты жоқ -3. Ғылыми дәрежесі бар педагогтардың үлес салмағы – 35 пайызды құрайды: ғылым докторы – 1,   ғылым кандидаттары – 8, ғылым магистрлары – 6.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі 2017 жылдан бері «Талап» ҮЕАҚ (Бұрынғы «Кәсіпқор» холдингі» ҮЕАҚ) рейтінгісіне  қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мысалы, сол жылы еліміздің 328 колледждері қатысқан рейтингте Қызылорда облысындағы меншік нысанына қарамастан барлық колледждер арасында 2-ші орын иеленсе, жеке колледждерінің арасында 1-ші орынға жайғасты (республика бойынша – 3-ші орын).
2018 жылы ұйымдастырған рейтинг нәтижесімен 90,25 баллмен облыс бойынша меншік нысанына қарамастан барлық коледждердің ішінен 1-ші орынды, ал республика бойынша 4-ші орынды (жеке колледждер арасында – 2-ші орын) иеленді. 
2019 жылғы рейтингте Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі 94,25 балл жинап, меншік нысанына қарамастан облысымыздың және Қазақстанның барлық колледждерінің арасында сәйкесінше 1-ші және 3-ші орындарды иеленді. Ал еліміздің жеке колледждерінің арасында 1-ші орынды жеңіп алды. 
Колледждің материалдық-техникалық базасы
Оқытудың заманауи жаңа технологиялық жабдықтарымен жабдықталған Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі білім алушыларға жоғары деңгейдегі сапалы білім алуды қамтамасыз етеді.
Оқу ғимаратының жобалық қуаттылығы - 700 орын 

Барлық дәрісхана саны - 25. Мамандықтар бойынша 9 оқу-өндірістік зерхана, 3 оқу-өндірістік шеберханалар жұмыс істейді. Мекемелермен келісім-шарт негізінде  оқу-өндірістік базалар саны 30. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу цехы.

Кітапхана 20 орынға арналған, 100 орындық асхана.  
Дене мәдениетін сауықтыру және АӘД   жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында сыртқы спорт алаңы мен әскери плац жұмыс жасайды.
Оқу орнындағы материалдық-техникалық база мен жұмыс көлемі жүйеленген және толық ақпараттық технологиямен жабдықталған. Сонымен қатар барлық дәрісханалар мен зертханаларда  заманауи интербелсенді тақталармен жабдықталған.
4 547

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan