Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 12:53

Қызылордада карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың саны азаймай отыр, соның салдарынан «сары аймаққа» енді. Сәуір айының алғашқы жеті күнінде 201 жағдай тіркелді. Ал өткен тәулікте аймақта 43 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
«Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл сақтық шарасына салғырттық танытып жүргендіктің салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Бүгінде мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыстар аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.
838
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan