Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 14:21
Жан дүниесі таңғы ауадай
Өткен жылы күллі ұжымның көзінше колледж құрылтайшысы Мейрамбек Мырқыұлы оқу орнымызға жаңадан келген мұғалімдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, өз бағасын бере келе: «Ғабит та жақсы. Шаттықтың орнын лайықты алмастыра білді» - деді. Түсінген адамға, бұл жерде жоғары баға маған емес, Шаттыққа беріліп тұр. Ол кезде менің әлі Шаттықты танымайтын кезім. Бар білетінім, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан оның орнына менің уақытша келгенім ғана. Демек, Шаттықтың мықты болғаны!
Үстіміздегі оқу жылында ол жұмысқа қосылды. Пәніміз бойынша жоспарларды бірге құрдық. Қадімгі әріптестер арасындағы жұмыс барысы. Асып бара жатқан ештеңе байқай қоймадым. Қарапайым пән мұғалімі.
Бір күні ол менің өлеңдеріммен танысқысы келді. Бірнеше өлеңімді жіберіп едім, мақтауымды асырып, жоғары бағалағанын жеткізіп жатыр. Рақмет! Қызығы бұл емес, ол да маған жазып жүрген өлеңдерін жіберіп еді... өз көзіме өзім сенбедім. Міне, ғажап!
Жалпы, сыр бойындағы 20 мен 40 жас аралығындағы ақындардың денін білемін, бірақ Шаттық Айтбай деген ақын қызды естімеген екенмін. Соған таң қалдым. «Бұрыннан бері қайда жүрген?» деген сауал көкейіме келді де тұрды. Таңданыстан бұрын, қуанышым да қойныма сыймады. Тең отырып әңгіме айтатын, поэзия төңірегінде сырласатын адамның қасыңнан табылғаны қандай жақсы!
Өз түсінігімше, Жаратқан Иеміз ақындық қабілет берген қазақ қызының алдында екі жол тұрады: бірі – осы ақындық дарынның барлық шартына көніп, өзіңді осы жолға арнау болса, екінші жол – ақындықтан аздап аяқ тарта жүріп, өмірінің көп бөлігін отбасына арнау. Шаттық – екінші жолды таңдаған қыз. Ол өлеңдерін көпке көрсете бермейді, ақындығымен ортаға шыға беруден қашқақтайды. Егер әдеби ортамен араласа бастап, поэзия басқосуларында бой көрсете бастаса, Сыр бойындағы мынау деген ақын қыздарымыздың қатарынан иық тіресе орын алар еді.
Өлеңдеріне тоқталсақ. Бірден айтып қояйын, Шаттықтың өлеңдерінің дені тұрмысқа шықпай тұрғанда жазылған мөлдір, лирикалық жырлар. Махаббат тақырыбында шерткен қыз баланың ішкі сыры мен сезімі. Ешкіммен бөлісе алмаған жан сырын өлеңге келіп ақтарады. Онысын мына шумақтардан айқын аңғарамыз:
Үнсіз қалған, суық, сұрлы жүзіңе
Сорлы сезім қалай барып беттесін.
Арманның да қадірі жоқ кей сәтте
Қиналмай-ақ қолың бір сәт жеткесін.
Қу өмірдің берері аз байқасам
Уақыт болса текке сын.
Бар мұңымды ұмытамын көбіне
Жанарымда соңғы тамшы кепкесін.
Сосын барып жыр жазамын таусыла
Тәңір сыншыл, соры қалың еткесін.
Жырларым да жігерсіздің танытар
Иесіне бір оқылмай кеткесін...
Шаттықтың өлеңдерінен қазақ қызының тәрбиесі, қазақ қызының ішкі жан-дүниесі, қазақ қызының бар бітім-болмысы аңқып тұрады. Көп сырды ішіне бүгетін қазақ қызының инабаттылығы мен тәрбиелілігі ғашықтығын ашық айтқызбай, оңашада жасырын ғана ақ параққа өлеңмен кестелетеді. Оқырманды да осы ізгілікке баулиды. Тіпті, іңкәр адамын іштей ойлап қоюдың өзін керемет ләззатты бақытты сәтке балайды.
Сізді ойладым орағанда түн келіп,
Сізді ойладым жазғанымда күнделік.
Сізді ойладым сағынышпен іңкәр боп
Далам мынау құлпырғанда гүлденіп.
Шаттық аса көп жазбаған. Қазір тұрмысы тұрақталып, ойы орнығып, отбасылы, балалы болған шағында жайлап азаматтық тақырыптарға ауыса бастаған. Бұл – барлық ақында орын алатын қалыпты жағдай.
Толқыны асау жұлқынған,
Жиекке жиі ұмтылған.
Әр көктем сайын сыр беріп,
Сырдариясы бұлқынған
Қасиетті Сыр елі.
Зымыраны әр ұшқан,
Көз тартатын алыстан.
Табиғатын талқандап,
Мұң жасаған ғарыштан
Қасіретті Сыр елі.
Осы жолдардан қазақтың титімдей ғана қызының ел деп соққан өз жұдырығындай ғана жүрегінің лүпілін естиміз.
Тағы бір ризашылық білдіретін жерім, Шаттық қарапайым қара өлеңнің қалыбынан шығып, заманауи поэзия өкілдерінің дағдысымен де жазудан қорықпайтыны. Бұл оның ізденімпаздығын, сауаттылығын аңғартады.
Ең бастысы, оның өлеңге құмарлығын, поэзияға адалдығын сезінесің. Кейде үзілістерде бірер өлең оқып беретінім бар. Сонда оның көзін жұмып алып, жан-тәнімен тебірене тыңдайтынын байқаймын. Мұндай тыңдарманың барда шабытың шалқи түсіп, өзің де көкте қалықтап кетесің ғой, шіркін!
Сананы тұрмыс билеп, рухани құндылықтардың кейінгі орындарға ығыстырылған мынау алмағайып заманда өлең мен өнерге адал жандардың қатары сирек. Кішкене ұйқас білетін «өлеңшілер» кәдуілгі пысықайлықтарына басып, тойды төңіректеп, өнерін сатып шыға келетін қоғамда Шаттық секілді қара өлеңнің құнын ар-намысымен өлшейтін, жан-дүниесі таңғы ауадай саф жандардың барына тәубе. Осындай ізгі жандар руханият әлемін мәңгілік етеді.

Ғабит КӘДІРБАЙ
387