Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 14:09
Білікті ұстаз – білімді ұрпақ кепілі
«Жаңадан орналасып, 1-курстың бір тобына кураторлық етіп, жұмыстың қызығы мен шыжығына қойып кеткен оқу жылының басында күллі ұжымды қуаныштан мәре-сәре қылған бір жағдай болды.
Мен сөз еткелі отырған әріптесіміз «Үздік педагог – 2019» республикалық жарыста «Жылдың үздік мұғалімі» атанып, бас жүлде үш миллион теңге сыйақы ұтып алыпты. Еліміз бойынша төрт мыңға жуық ұстаз қатысқан дүбірлі додада оза шабу – облыс орталығының шетінде орналасқан колледж үшін ғана емес, күллі қаламыз, қала берді бүкіл Сыр елі үшін толағай табыс емес пе?! Облысымыздан шыққан екі «Үздік педагогтің» бірі Ботакөз Таңқыбаева – менің әріптесім!
Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы марапаттаудан қайтып, ұшақтан түсетін күні таңертең жұмысқа барсам, бәрі оны күтіп алуға қамданып, қарбаласып жатыр екен. Сол уақыттағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Байсалбаева маған «Ботаны күтіп алғанда алдынан шығып бірер шумақ өлең оқысаң қайтеді?» деді. Мен үшін күтпеген жағдай емес. Солай болуы тиіс еді. Жаздым. Оқыдым.
Колледжім-ау, бүгінгі
Дабысыңнан айналдым!
Даңғырайтқан даңқыңды
Елорда төрінде өткен
Жарысыңнан айналдым.
Сол жарыста қол жеткен
Табысыңнан айналдым.
Табысқа сонда кенелткен
Ботакөз Рахманқызы,
Намысыңнан айналдым!
Биікке шықпай қоймайтын
Табандылығыңнан айналдым!
Мұғалім дейтін мерейлі
Мамандығыңнан айналдым!
Ботадай ғана сүйкімді
Пошымыңнан айналдым!
Жұмысқа неткен адалсыз?
Осыныңнан айналдым!
Ақ жұпар гүлді толтырған
Құшағыңнан айналдым!
Уақытында қондырған
Ұшағыңнан айналдым.
Ашық болған бүгінгі
Аспанымнан айналдым.
Құшақ жая қарсы алған
Достарыңнан айналдым.
Арқа-жарқа осындай
Қызығымнан айналдым.
Бір әулеттің баласындай
Ұжымымнан айналдым!
Табыстары толағай
Берекеңнен айналдым!
Осы сәтке дөп келген
Мерекемнен айналдым!
Қадірлі әріптестерім
Бар бағыңнан айналдым.
Текей бабам, жар болған
Аруағыңнан айналдым!
Айналамның бәрі қызу қошеметтей жөнелді. Тоқтаусыз қол шапалақ, риясыз ризашылықтың бәрін бір сәт өзіме қабылдап қалғанымды қалай жасырайын?! Негізі, мұның бәрі Ботакөзге еді ғой. Бабы келісіп, бағы жаныпты».
Бұл - сосыдан екі жыл бұрын «Халық» газетіне шыққан мақаламнан үзінді. Одан бері де осы бір аяулы әріптестің түрлі қырына куә болып келемін. Жұмыс барысында тығырыққа тірелген сәттерімде жүгіріп әріптесіме барамын. Күллі сұрағымның жауабы Ботакөз Рахманқызынан табылады. Несін жасырайын, кейбір сөздері жүйкеге тікелей тікендей қадалады, шамасы, өмірі түгесілмейтін қағазға әбден көміліп отырған сәтіне тура түссем керек. Кейін әдісін ала бастадым, компьютеріне кіріп кете жаздап жұмыс жасап отырған сәтінде мазасын алмай, айналып соғатынды шығардым.
Жұмыста өңін бермей жүрсе де, заты әйел адам ғой, оның жанары жүрегіндегі мол мейірімді жасырып қала алмайды. Ұш ұлдың анасы. Әрқашан да өбектеп, сол балаларын кезек-кезек түрлі жарыстарға сүйрелеп жүреді. Үлкен ұлы Мансұр шығармашыл бала екенінен хабардармын. Жазған өлең не эсселерін анасы маған әкеп көрсетеді. Өңдейтіндей көзге көрініп тұрған ағаттық таппаған соң, сәттілік тілеп өзіне қайтарып жіберетінім бар. Расында да, болатын баланың неге қабілетті екенін жасынан танитын, дер кезінде соған бұрып жіберетін анаңның болғаны қандай жақсы!
Ботакөздің үш ұлы – Мансұр, Расул, Мағжандар қандай бақытты балалар: аналары республикалық «Үздік педагог – 2019» жарысының жеңімпазы, ғалым, Ғылым және білім министрлігінің өкілі, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері, үш бірдей оқу құралының, төрт әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Ортаншы ұлының робототехника, математика пәндері бойынша жүлделі орындар алып жатқанымен әріптестермен бөлісіп жатқанын бірнеше рет көзім шалған, бұйырса, Расул Абылайұлы осы саланың үздігі болатын шығар. Ал Мағжаны небәрі 3-ші сынып оқушысы. Ана жүрегі нені сезіп, нені аңдап жүргенінен бейхабармыз, әйтсе де үшінші ұлдың да қанжығасы бос емес, облыстық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр.
Мен Ботакөз әріптесімнің шәкірттері туралы сөз қозғап отырғаным жоқ. Ол – бөлек тақырып. Әр ұстаз өз балаларын жақсы азамат етіп тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана ата-аналар оған сеніп өз балаларын тапсырады. Ботакөз Рахманқызының тәрбиесіне баланы ойланбай-ақ беруге болады деп нық сеніммен айта аламын.

Ғабит КӘДІРБАЙ
484