Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 16:58
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...
Әр күнімізді қағаз бен қалам арасын кезумен өткізбесек те, өлең өлкесінің шұрайын жайлап, көгінде еркін қалықтамасақ та, сыртынан болса да жиі тамашалап, арагідік бас сұғып қоюды бұрыс көрмейтініміз бар. Бір қуантарлығы, бұл өнерден колледжіміздің студенттері де кенде емес.
АҚАРЫҚ
Ауылым – Ақарық,
Шипасы жүректің.
Сенде өтті балалық,
Бақытты күн өтті...
Ауылдан шығады
Жігіттер ең мықты.
Қорғаштап тұрады
Ерлікпен теңдікті!
Қыздарың, Ақарық,
Шиедей ерінді.
Артады ата-ана
Оларға сенімді.
Атыңды, Ақарық,
Шығарсам ақын боп,
Өмірде мақсатсыз
Болуға хақым жоқ!
АЙНҰР АПАЙҒА
Әбестік жоқ апайымды мақтасам.
Кейімейді тәртібіңді сақтасаң.
Айналайын ұстазымнан осындай
Жүріңізші аман-есен әрқашан.
Апайым бар жаны нұрдан жаралған,
Апайым ба саф білімнен нәр алған.
Өмірінде өкінбейді-ау шәкірттер
Осы апайдан тәрбиені мол алған.
Нұртөре САЙЛАУ, А-20-9 оқу тобы
МАҚСАТ
Күтемін үлкен үміт болашақтан,
Болсын деп таңым нұрлы әрбір атқан.
«Электр» мамандығын таңдап алдым,
Қараңғы түнектерде шамын жаққан.
Ата-анам берген тәлім көлдей көсір,
Шындықтың жасырайын тағы несін...
Кірпіші боп қалансам дүниенің
Бола ма мұнан асқан әділ шешім.
Өмірге келгеннен соң еркек болып,
Жігерді құм қылмаймын етек толып.
Сатпасам еңбегімді, ел-жұртымның
Тұрмай ма батасынан бақыт қонып.
Әрекет етсем деймін ел мақтарлық,
Ісімде жоқ сөлекет, жоқ сотқарлық.
Армандар орындалар таза болса,
Мақсатың болса егер айдай анық!
Қазыбек КАМАЛБЕК, Э-19-9 оқу тобы
ЕСКЕРТУ
Ей, адамзаттың баласы!
Құлқынға құлап барасың,
Байлық па саған керегі,
Еңбекпен оны табасың...
Кержалқау болып кері кетсең
Бір үзім нанға зар боласың.
Ойланбасақ ертерек
Арманымыз ерте өлед(і),
Табаның тайып кеткенде
«Бұл өмір неткен келте?» деп,
Бармағың тістеп қаласың...
СЫНАҚ
Өткен жыл – ең ауыр жыл болды-ау,
Күркіреп өткен күн болды-ау...
Әлемді әбігер еткен жыл
Арқаға батқан зіл жүк болды-ау,
Жігері талайды құм болды-ау,
Үміттер күл болды-ау...
Адамдар үйіне тығылып,
Оңаша мұңайды құмығып.
Дауасыз дерт дендеп дүниеге
Қалудың алдында қалды-ау
Қынадай қырылып.
Күллі әлем бетперде тағынды,
(Ал кейбір шешілді маскалар)
Ашкөздер тойымсыз «қағынды»,
Ойы жоқ құдайдан жасқанар.
Бұл нәубет – адамның ісі емес,
Бір ғана адамның күші емес,
Құдайдың жіберген сынағы
Төтеннен қойылған сұрағы.
Нариман ЕРАЛИЕВ, Э-19-9 оқу тобы
АҚАРЫҚ
Ауылым – Ақарық,
Шипасы жүректің.
Сенде өтті балалық,
Бақытты күн өтті...
Ауылдан шығады
Жігіттер ең мықты.
Қорғаштап тұрады
Ерлікпен теңдікті!
Қыздарың, Ақарық,
Шиедей ерінді.
Артады ата-ана
Оларға сенімді.
Атыңды, Ақарық,
Шығарсам ақын боп,
Өмірде мақсатсыз
Болуға хақым жоқ!
АЙНҰР АПАЙҒА
Әбестік жоқ апайымды мақтасам.
Кейімейді тәртібіңді сақтасаң.
Айналайын ұстазымнан осындай
Жүріңізші аман-есен әрқашан.
Апайым бар жаны нұрдан жаралған,
Апайым ба саф білімнен нәр алған.
Өмірінде өкінбейді-ау шәкірттер
Осы апайдан тәрбиені мол алған.
Нұртөре САЙЛАУ, А-20-9 оқу тобы
МАҚСАТ
Күтемін үлкен үміт болашақтан,
Болсын деп таңым нұрлы әрбір атқан.
«Электр» мамандығын таңдап алдым,
Қараңғы түнектерде шамын жаққан.
Ата-анам берген тәлім көлдей көсір,
Шындықтың жасырайын тағы несін...
Кірпіші боп қалансам дүниенің
Бола ма мұнан асқан әділ шешім.
Өмірге келгеннен соң еркек болып,
Жігерді құм қылмаймын етек толып.
Сатпасам еңбегімді, ел-жұртымның
Тұрмай ма батасынан бақыт қонып.
Әрекет етсем деймін ел мақтарлық,
Ісімде жоқ сөлекет, жоқ сотқарлық.
Армандар орындалар таза болса,
Мақсатың болса егер айдай анық!
Қазыбек КАМАЛБЕК, Э-19-9 оқу тобы
ЕСКЕРТУ
Ей, адамзаттың баласы!
Құлқынға құлап барасың,
Байлық па саған керегі,
Еңбекпен оны табасың...
Кержалқау болып кері кетсең
Бір үзім нанға зар боласың.
Ойланбасақ ертерек
Арманымыз ерте өлед(і),
Табаның тайып кеткенде
«Бұл өмір неткен келте?» деп,
Бармағың тістеп қаласың...
СЫНАҚ
Өткен жыл – ең ауыр жыл болды-ау,
Күркіреп өткен күн болды-ау...
Әлемді әбігер еткен жыл
Арқаға батқан зіл жүк болды-ау,
Жігері талайды құм болды-ау,
Үміттер күл болды-ау...
Адамдар үйіне тығылып,
Оңаша мұңайды құмығып.
Дауасыз дерт дендеп дүниеге
Қалудың алдында қалды-ау
Қынадай қырылып.
Күллі әлем бетперде тағынды,
(Ал кейбір шешілді маскалар)
Ашкөздер тойымсыз «қағынды»,
Ойы жоқ құдайдан жасқанар.
Бұл нәубет – адамның ісі емес,
Бір ғана адамның күші емес,
Құдайдың жіберген сынағы
Төтеннен қойылған сұрағы.
Нариман ЕРАЛИЕВ, Э-19-9 оқу тобы
514