Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 17:52
Қасиетті Сыр елі

Жиекке жиі ұмтылған.
Әр көктем сайын сыр беріп,
Сырдариясы бұлқынған
Қасиетті Сыр елі.
Зымыраны әр ұшқан,
Көз тартатын алыстан.
Табиғатын талқандап,
Мұң жасаған ғарыштан
Қасіретті - Сыр елі.
Тірліктің қайнап тынысы,
Халықтың игі ірі ісі,
Ақталған маңдай терменен
Жайқалып өскен күріші
Береке тұнған - Сыр елі.
Қойнауында Аралы,
Ол қашаннан жаралы.
"Қан мен тердің" негізі
Сол өңірде бар әлі,
Тарихы терең - Сыр елі.
Аймақты барлық қамтитын,
Әсерлі сондай бар кейіпің.
Білмейтін жандар жоқ шығар
Қазалы тәтті кәмпитін,
Кәсібі кемел - Сыр елі.
Дария-дастан жағасы,
Тарихта қымбат бағасы.
Аты аңызға айналған
Киелі Қорқыт бабасы
Мекен еткен - Сыр елі.
Шайырлар шыққан халықтан,
Сүлейлер сырын танытқан.
Жанқожа, Жалаңтөстердей
Батырлар туған алып,паң
Топырағы алтын - Сыр елі.
Тәңірі сүйіп, қолдаған,
Аязға сынып, тоңбаған.
Бұхарбай, Текей, Келменбет
Жерлерін жаудан қорғаған
Ерлігі мәшһүр - Сыр елі.
Әбділда жырлап өткен жер,
Темірбек терін төккен жер.
Нартайлар қосып әніне
Алдыңнан жиі өпкен жел,
Жыр елі болған - Сыр елі.
Таусылмаселдің дастаны,
Белсенді барлық жастары.
Әлемнің шешіп есебін
Биікке шыққан Асқары
Дарындар өскен - Сыр елі.
Жеңісін елге жолдаған,
Чемпиондары мол далам.
Ильядай алып ұл
Намысын елдің қорғаған
Мақтаулы өлке - Сыр елі.
Ұл-қыздары көрікті ең,
Таланттар елін көріп пе ең?
Батырхан, Гүлнұр, Мадина
Әнімен елді еліткен
Өнерлі өлке - Сыр елі.
Қазақтың тілі тереңнен
Ордада осы еленген
Сыр елі - қазақ мекені
Болашағыңа сенем мен!
Шаттық АЙТБАЙ,
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
1 382