Жаңалықтар
09 сәуір 2021 ж, 18:38

Заман талабы

Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Осы бағыттта елімізде және өңірімізде оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейтуді көздейтін инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Білім алушыларға жаңа заман талаптарына сай білім беруді мақсат тұтқан колледжімізде де жуырда «Робототехника» кабинеті ашылды. 
 - «Робототехника» үйірмесі физика, математика, информатика пәндерінен алынған білімді қажет етеді, - дейді  кабинет меңгерушісі Жұлдызай АРҒЫНБАЕВА. - Сонымен бірге тіл байлығы да керек деп ойлаймын, себебі роботтан жарысқа қатысқан оқушы өз жобасын қорғап білу керек, ол үшін сөйлеп білуі керек, өз ойын ашық жеткізе білу қажет.
Колледжімізде ашылған робототехника кабинетінде LEGO Education Mindstorms EV3, Arduino  робот құрастыратын ресрурстар жиынтығымен қатар негізгі конструкторлық жиынтық, сондай-ақ басқа да қажеттінің барлығы қамтылған. 3D принтеріміз бар. Колледж білім алушылары бос уақыттарын тиімді пайдаланып, робототехникаға қызығушылық танытса, есігіміз әрқашан ашық. Робот техникасын оқыту – балаларға қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмір проблемаларымен шұғылдана алатын оқу ортасын қалыптастырады».
Жаңалықтарға сүйенсек, 2030 жылға таяу адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығармақшы. Бұдан жасанды интеллекттің болуы сөзсіз екенін көріп отырмыз. Себебі роботтарға кез-келген мәселені талдау және шешім қабылдау қабілеті қажет. 
- «Ақпараттық жүйе» мамандығын таңдауым – бала күнімнен IT технологияларға деген шексіз қызығушылығымның нәтижесі еді. «Робототехника кабинетінің» ашылғанына қатты қуандым, - дейді  колледждің 1-курс студенті Жаншекер ӘБУТӘЛІП. - Енді сабақтан тыс уақыттарымның біраз бөлігін осы кабинетте өткізетін сияқтымын. Болашақтағы арман-мақсаттарымның алғашқы баспалдағы осы жерден қаланатынына сенімдімін. 
Бүгінде замана көшіне ілесіп, алдыңғы дүрмектің ішінде жүру үшін ғылым мен тахниканың тілін әбден меңгеру қажеттігі бәрімізге белгілі. Олай болса, осы жолда жасалған титімдей тірліктің өзі келешекті кемелдендіруге деген үлкен үлес. 

 
 
 
 
 
441
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan