Жаңалықтар
10 сәуір 2021 ж, 08:15

Облыстық "Дарын" орталығының директоры тағайындалды

Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен, 2021 жылғы 8 сәуірдегі конкурс нәтижесінде облыстық "Дарын" қосымша білім беру орталығы директоры лауазымына Айжан Қиянбекова тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға басқарма  басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
А.Қиянбекова 1982 жылдың 7 қарашасында Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылында туған. 
Қызылорда «Сейхун» академиясының «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығын, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетін бітірген. 
Еңбек жолын Шиелі аудандық білім бөлімі түзілім кабинетінде әдіскер ретінде бастаған. Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультацияда әлеуметтік педагог, Шиелі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде әдіскер қызметін атқарған. 
2010-2013 жылдары «Қазатомөнеркәсіп-Демеу»ЖШС «Демеу-Шиелі» филиалы «Арман» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, медико санитарлық бөлімінің азық-түлік тауарларымен жабдықтау жөніндегі агенті қызметінде жұмыс атқарған. 
2015 жылдан осы кезеңге дейін Қызылорда облысының білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 
ҚР Президентінің Алғысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталған.
606
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan