Жаңалықтар
12 сәуір 2021 ж, 18:57

Ел есінде мәңгі сақталады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Facebook» парақшасында ғалым Мардан Байділдаевтың 95-жылдығына орай пікірін қалдырды. 

"Бүгін жерлесіміз, қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші ғалым Мардан Келдібайұлы Байділдаевтың туғанына 95 жыл толды. 
Халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысып, Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлердінің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. 
Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырманға ұсынды. 
“Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. Әуелбек Қоңыратбаевпен бірге “Қорқыт ата кітабын” аударды.
Ғалым есімімен облыста мектеп және көше аталады.
Қазақ ғылымының өркендеуіне зор үлес қосқан зерттеуші ғалым Мардан Байділдаевтың есімі ел есінде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.
402
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan