Жаңалықтар
12 сәуір 2021 ж, 18:21
Қауіпсіздік басты назарда

Атап өтілгендей, 4-ші оқу тоқсанын 304 мектептегі 169883 оқушының 167 571 дәстүрлі (98,6%), 2 312-і (1,4%) қашықтан білім алуды бастады. Облыстағы эпидахуалдың күрделенуіне байланысты ата-аналардың өтінішіне сәйкес қашықтан оқитын оқушылардың үлесі қайта артуда. Бүгінгі күні оқушылардың 90 пайызы дәстүрлі, 10 пайызы қашықтан оқуда.
Инфекцияның таралу қауіпін азайту мақсатында күнделікті мектеп оқушылары мен қызметкерлердің температурасын өлшеу жұмыстары жүргізілуді. Мектепке кіре берістегі аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылды. Кабинеттерді желдету, кварцтау, сынып бөлмелерін, дәліздерді ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы дезинфекциялық ылғалды жинау жұмыстары жүргізілуді.
Оқушылар мен педагогтар арасында КВИ тіркелген жағдайда тиісті сыныптар қашықтан оқытуға көшіріліп, карантинге жіберіледі. Мектептерде дезинфекциялық жуып тазалау құралдары мен қолды өңдеуге арналған антисептиктердің қорлары жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
Мектептердегі санитарлық талаптардың орындалуын бақылау үшін білім басқармасы мен білім бөлімдері жанынан мониторингтік топтар құрылған. 5-10 сәуір аралығында мониторингтік топ өкілдері Қызылорда қаласындағы 21 мектепке бақылау шараларын жүргізді. Короновирус инфекциясын алдын-алу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Облыстық білім басқармасы мен білім бөлімдерінің Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасына короновирус инфекциясынан сақтану, қорғану шаралар жөнінде посттар жарияланды. Бұл үшін арнайы білім басқармасының медиа-жоспары әзірленді. Мектептерде короновирус инфекциясының белгілері, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде. Сынып сағаттарында тақырыптық тәрбие жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, педагогтарға вакцинациялау бойынша белсенді ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде бүгінгі күнге 2628 педагог вакцина алды.
Жалпы білім беру ұйымдарында қатаң санитарлық талаптарды сақтау және вакцинациялау бойынша облыстағы барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен ақпараттық түсіндірме бағытында жиналыстар өткізілді.
351
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |