Жаңалықтар
14 сәуір 2021 ж, 18:10
«Қазақ» атауының тағдыры шешілген съезд

Съездің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:
1) Қазатком мен Қазхалкомның есептік баяндамасы;
2) ҚАКСР-дегі халық ағарту ісінің кезекті міндеттері туралы;
3) ҚАКСР-дегі жерге орналастыру мен суару туралы;
4) Сауда мен кооперация туралы;
5) ҚАКСР-дегі қаржы жағдайы;
6) Қазатком құрамын және Кеңестердің Бүкілресейлік съезіне делегаттар сайлау.
Съезге барлығы 394 делегат шешуші және 52 делегат кеңес беруші дауыспен қатысты. Олардың 284-і РКП(б) мүшесі, 41-і мүшелікке кандидат, 4-еуі комсомол болса, 65-і партияда жоқтар еді.
Съезд делегаттарының 258-і жергілікті ұлттар (қазақ, өзбек, қырғыз және т.б. түркі халықтары), 136-сы еуропалық ұлт өкілдері болды. Жыныстық құрамы бойынша 29 әйел, 365-і ерлер болды.
Съездің күн тәртібінде қазақ халқына тарихи «қазақ» атауын қайтару мәселесі болған жоқ еді. 19 сәуірде таңертең өткен съездің 8-ші соңғы мәжілісінде тек Қазатком құрамы мен Бүкілресейлік Кеңестер съезіне делегаттар сайлау мәселесі қалған еді. Бірақ күтпеген жерден сөз алған РК(б)П Қазөлкекомының екінші хатшысы С.Қожанов «киргиз» атанған қазақ халқына тарихи дұрыс атауын қайтару, республиканы «Қазақстан» деп атау және Ақмешіт атауын Қызылорда деп өзгерту туралы ұсыныстарды жариялады. Съезд делегаттары бұл ұсыныстарға орындарынан тік тұрып қызу қол шапалақтап қолдау көрсетті. Осылайша 1925 жылы 19 сәуірде қазақ халқы өзінің тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылдап, шешімді бекіту үшін Бүкілресейлік ОАК қарауына ұсынды.
БОАК бұл шешімді 1925 жылғы 15 маусымда ресми түрде мақұлдаған декрет қабылдаған соң, шешім заңды күшіне енді. Осылайша қазақ халқы өзінің тарихи атауын қалпына келтірді.
Дереккөз: egemen.kz
493
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |