Жаңалықтар
Аймақтық кезеңнің қатысушылары анықталды
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі білім алушыларының арасында «WorldSkills College - 2021» Ұлттық чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі болып өтті. Байқау «Сантехника және жылыту», «Электромонтаждау» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды.
Болашақ мамандардың жұмыстарына «Байғасыр-инженеринг» ЖШС-нің директоры Дәурен Ақбергенов, И.Әбдікәрімов атындығы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғарғы колледж оқытушысы, инжернер-электрик Павел Ломанов, «Үміт» ательесінің тігіншісі Сәуле Үсенова, сондай-ақ, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ботакөз Таңқыбаева, колледждің әдістемелік жұмыстар жөніндегі жетекшісі Орынкүл Жалғасова сынды білікті мамандар қазылық етіп, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыс етілді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
«Электромонтаждау» құзіреттілігі бойынша:
1 орын - Жандос Төлеген;
2 орын - Мұхаммедханафия Кистабаев;
3 орын - Ринат Нурдинов.
«Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша:
1 орын - Әсем Тұрғанбек;
2 орын - Жадыра Талғат;
3 орын - Жәния Қыдырбай.
«Сантехника және жылыту» құзіреттілігі бойынша:
1 орын - Диас Аманбай;
2 орын - Ернар Бахрадин;
3 орын - Наурзбек Қойайдаров.



