Жаңалықтар
16 сәуір 2021 ж, 17:28

Біз – біргеміз! (ВИДЕО)

«Тәжді» вирус жоғалсын!
Тілектеспіз соған шын.
Жеңе алмасақ бұл дертті
Зор ерлікке болар сын.
 
Дәрігерлер ем тауып
Мол алғысқа орансын.
Батыр болса егерде
Дәл солардай боп алсын.
 
Мамыражай күндерге
Халқым қайта оралсын.
Басын қосып, жиналып
Амандасып, қол алсын.
 
Қайырмасы:
 
«Тәжді» вирус, қайдансың?
Берекесіз, ойрансың!
Бейқам жатқан әлемге
Қанатты кең жайғансың.
 
Дауа таппай өзіңе
Күллі адамзат қайран шын.
Қатері мол тәжіңмен
Жолың мәңгі байлансын!
 
Бұл сынақтың арты тек
Жақсылыққа айналсын,
Үрейленген халықтың
Көңілі бір жайлансын!
 
Қайырмасы:
 
Бәріміз де біргеміз
Сөгілмесін іргеміз
«Әлем аман болсын!» деп
Күресеміз күнде біз!
1 808
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Исаева Нуржамал
17 сәуір 2021 17:50
Димаштың керемет орындауындағы әніне керемет қазақша аударма, жарайсың, бауырым!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan