Жаңалықтар
16 сәуір 2021 ж, 19:56
WorldSkills Kazakhstan: демонстрациялық емтихандар енгізілуде

"WorldSkills қозғалысына біз жетінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстан 50-орыннан 14-орынға дейін көтерілді. 2019 жылы біздің студенттер жалпыкомандалық есепте 63 қатысушы елдің арасында 14-ші орынға ие болғанын естеріңізге сала кетейін. Бұл - жақсы нәтиже. Қазақстан жұмысшы мамандарды даярлау саласындағы үздік практикалардың бенчмаркингі үшін бұл қозғалысты одан әрі дамытатын болады. Атап айтқанда, біз WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізіп, колледждерде демонстрациялық емтихандарды өткіземіз. Сондай-ақ сарапшыларды оқыту және сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастырамыз", – деді вице-министр Шолпан Каринова.
2020 жылы WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленіп, еліміздің 36 колледжіне емтиханның демо-нұсқасын енгізу басталды.
621