Жаңалықтар
17 сәуір 2021 ж, 21:26

Бір айдан соң WhatsApp тұтынушыларды «ажырата» бастайды

   2021 жылдың 15 мамырынан бастап әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджері тұтынушыларға екі таңдау ұсынады – сервистің жаңа ережелерін қабылдау немесе одан бас тарту, деп хабарлайды rg.ru.
   Жаңа ережелерді қабылдаған тұтынушылар WhatsApp желісін әдеттегідей пайдалана береді. Ал бас тартқандар функционалдық мүмкіншіліктерден айтарлықтай шеттетіледі.
 WhatsApp компаниясының хабарлауынша, мұндай тұтынушылардың тіркеу жазбалары алынып тасталынбайды. Алайда, олар өзіне  келген жазбаларды (сообщение) оқи немесе оларды жібере алмайды – мессенджердің тек қоңырау мен хабарламаларды (уведомление) қабылдайтын функциялары ғана қолжетімді болады. Бұл жағдай кез келген адам жаңа ережелерді қабылдағанша жалғасатын болады. 
   Жаңа ережелер Facebook бас компаниясына тұтынушылардың деректерін әдеттегіден үлкен көлемде енгізуді көздейді. Алғаш сервис бұл бастаманы  өткен қыста қолға алып, тұтынушылардың тарапынан  көптеген сынға алынған соң уақытын кейінге шегерген еді. 
828
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan