Жаңалықтар
20 сәуір 2021 ж, 21:11

Дуалды оқытудың бірқатар шығынын мемлекет өтейді

Биылдан бастап кәсіпорындар базасында кәсіби практиканы ұйымдастыратын тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу шығындарын бюджеттен өтеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шәкәрім Сейсенбайдың дерегі бойынша, бүгінгі таңда елордада дуалды оқытуға 34 мамандық және 60 біліктілік бойынша 26 колледж тартылған. Қаланың 189 кәсіпорнын жұмылдыру арқылы 3575 студент кәсіби біліммен қамтылып отыр. 
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сәйкес, дуалды оқытуға қатысатын кәсіпорындардың 97 пайызы колледж кадрларының даярлығына қанағаттанған. Ағымдағы жылдан бастап кәсіпорындар базасында кәсіби практиканы ұйымдастыратын тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды өтеу жоспарлануда. Бұдан басқа бизнесті ынталандыру үшін жан басына шаққандағы нормативтен тыс шығыс материалдарына, арнайы киімдер мен студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтандыруға арналған шығыстарды өтеу мәселесі пысықталуда», - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы. 
Әкімдік өкілі дуалды оқытудың «Практикадан – теорияға» бойынша оқу сағаттарының ара қатынасы практикада 60 пайыз, теорияда 40 пайыз көрсеткішіне жеткізілгенін атады. 
«Дуалды оқыту аясында түлектерді орналастыру жұмыс берушінің талаптарына толық жауап береді. Оқыту өндіріс сұраныстарына барынша жақын. 2020 жылы қала колледждерін 6603 түлек бітірді. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны - 6081, яғни 92 пайызын құрайды. Ал дуалды оқыту бойынша түлектердің саны 728 адамды құрады. Оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - 656 адам. Жұмысқа орналасу деңегйі - 91 пайыз», - деді Шәкәрім Сейсенбай. 
Оның айтуынша, қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Бұл бұйрықта студенттердің өндірістік оқытудан өту уақытын еңбек өтіліне есептеу мүмкіндігі көзделген.
512
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan