Жаңалықтар
26 сәуір 2021 ж, 12:49

Қызылорда облысы "қызыл" аймаққа қайта ауысты

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 82 дерегі анықталды. Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 26 сәуір күні “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа қайта ауысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Матрицадағы ахуал COVID-19 вирусы бойынша репродуктивтік көрсеткіші немесе инфекция жұқтырғандардан байланысатын адамға берілу санына және
100 мың тұрғынға шаққандағы соңғы 7 күндегі аурушаңдыққа байланысты өзгеріп отырады.
Облыстағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы облыстың Бас мемсандәрігерінің қолданыстағы #8,9 Қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы эпидахуал әлі де тұрақсыз деп бағаланады. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамауды сұраймыз.
Қауіпсіздік ережелері:
Бетперделік режим
Әлеуметтік арақашықтық
Қолды сабынмен жиі жуу
Антисептик пайдалану
Ауру белгілері байқалған сәттен медициналық көмекке жүгіну
Вакцина қабылдау
Көпшілік жиналатын жерге баруды шектеу
 
511
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жалғасова Орынкүл
26 сәуір 2021 12:39
Осы кеселден біржола айығар күн тезірек туып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan