Жаңалықтар
08 мамыр 2021 ж, 12:12
Әке мен баланың майдан жолы
1941 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ әскери комиссариатынан әкелі-балалы қос атам майданға қатар аттанды. Барақбаев Жанахмет атамыз 41 жасында ұңғысынан от шашқан пулеметті меңгеріп, небір қиян-кескі шайқастарда ерліктің өшпес үлгісін көрсете білді. Барақбаев Алдашбай Жанахметұлы Ұлы Отан соғысында аты қалған 101 атқыштар дивизиясында мерген болды. Ленинград, Белорус майдандарында, Курск доғасында тарихта қатыгездігімен «Мясорубка» атанған Ржев майданында жанқиярлықпен шайқасқан. Атамыз өз естеліктерінде «Шығыс шынары» атанған Әлия Молдағұловамен майдандас болғандығы жөнінде деректер келтіреді.
Елге келген соң адал коммунист, үздік комсомол ретінде ауыл щаруашылығын дамыту саласында аянбай тер төгеді. Атамыз анамыз Қазынамен жеті перзентті дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіреді. 1993 жылы 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Жанар БАРАҚБАЕВА
521








