Жаңалықтар
08 мамыр 2021 ж, 12:27

Ержүрек майдангер, жауапты қызметкер...

  Әкем Орымбаев Айтбай Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылында 1923жылы 3 сәуірде дүниеге келген. 
   Орта мектепті бітіргеннен соң 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылып, Сталинград майданында неміс басқыншыларымен шайқасқа қатысады. 1942 жылы 12 желтоқсанда аяғынан ауыр жараланып, госпитальдан соң 1943 жылдың мамыр айында Рига әскери училищесіне оқуға жіберіледі. Оқу орнын 1944 жылы қараша айында лейтенант шенімен бітіріп, сол жылдың аяғында взвод командирі болып Украйна майданына қайта соғысқа оралады. Немістің атақты фельдмаршалы Паульстің армиясын талқандауға қатысып, 1945 жылдың қазан айында туған  елге оралды. 
   Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Праганы азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медальдарімен марапатталған.  
   Әкем 1945 жылдың 1 қараша айынан 1947 жылға дейін Шымкент облысы, Шорнақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. 1949 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп,  оны тарих мамандығы бойынша бітіріп шықты. 
   Қазақ ССР Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін, 1949-1952 жылы Мақтарал аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметіне жіберілді. Ал 1952 жылдан Мақтарал, Келес, Қаратас, Жаңақорған аудандарында партия комитетінің жауапты қызметтерінде болды.
   1947 жылы оқуға кетер алдында анам Әлтен қызы Зынашпен отау құрып, дүниеге алты ұл мен төрт қызды әкелген.  
Әкем 1997 жылы 73 жасында, анам 2016 жылы 87 жасында өмірден озды.
                                  Мақтагүл ОРЫМБАЕВА
382
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan