Жаңалықтар
08 мамыр 2021 ж, 12:32

Ер есімі – ел есінде

Тағылым мен ерліктің жарқын бейнесі, соғыс және еңбек ардагері Балғожаев Самет  – менің атам! 
  Ол 1922 жылы Қармақшы ауданы, қазіргі Дүр Оңғар ауылында дүниеге келген. Небәрі 19 жастағы жалынды жас Отан қорғау үшін 1942 жылы соғысқа аттанады. 1943 жылы шілде және тамыз айларында екі рет жараланып,  ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен наградталған. 
  1944 жылы кіші лейтенант шенін алып, взвод командирі қызметіне тағайындалады. 1945 жылы соғысты жеңіспен аяқтап, «Германияны жеңгені үшін» медалімен лейтенант шенінде 1946 жылы елге оралады. 
  Бейбіт өмірде облыстық Ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған. Кейінгі жылдары құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін Жаңажол ауылындағы №107 орта мектепте ұстаз болған. 2000 жылы ауылдың «Ғасыр жауынгері» атағына ие болған.  2021 жылы Қызылорда облысы әкімінің шешімімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірі Балғожаев Самет атамның есімімен аталды. 
  Төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеген майдангер атамның бүгінде 21 немересі, 24 шөбересі бар.

Гауһар САМЕТ
543
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan