Жаңалықтар
11 мамыр 2021 ж, 18:37

Мектепте «бомба қойылғаны» туралы ақпарат тарап, 175 адам эвакуацияланды

  Астанадағы жеке меншік мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы хабар түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды
  «Полицияның «102» арнасына сағат 11.32-де «Астана Garden School» жеке меншік мектебінің электрондық поштасына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жіберілді. Мектептен 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Дегенмен, ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
  Ведомство жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған хабар тарату ірі көлемде айыппұл мен қылмыстық жауаптылық жүктейтінін ескертеді. 
«Өткен жылы аталған қылмыстың 10 фактісі тіркелген. Полиция қызметкерлері барлық кінәлілерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - дейді департаменттегілер.
443
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan