Жаңалықтар
23 мамыр 2021 ж, 10:37

23 мамыр: бұл күн ел тарихында

  1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертінде Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі «Адай», «Серпер», «Көбік шашқан», «Қос алқа», «Қызыл бидай» күйлерін, ал Жамал Омарова «Қараторғай», «Ертіс» әндерін нақышына келтіре орындады. 
  1992 жылы Лиссабонда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина және АҚШ елдері өкілдері 4 елдің жерінде орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қатысты бесжақты стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту және шектеу туралы Келісімге қол қойды. 
  2005 жылы алаштың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып келген «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы цифрлық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен таныса алады. 
  2012 жылы Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуінің аясында тараптар екі ел арасындағы бірлескен экономикалық бағдарламасы - «Жаңа синергияға» қол қойды. 
  2016 жылы Atameken businesschannel алғашқы қазақстандық бизнес жаңалықтар мультимедия арнасы жұмысын бастады. 
  2017 жылы АҚШ-тың Сент-Питерсберг қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының (International Boxing Federation - IBF) 34-ші жыл сайынғы конвенциясы кезінде IBF / WBA / WBC / IBO орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге спортта жеткен жетістіктері үшін Джерси Джо Уолкотт атындағы арнайы сыйлық берілді. 
  2018 жылы Астана қаласында жаңартылатын энергия көздері жобаларының алғашқы аукционы өтті. 
1 118
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan