Жаңалықтар
28 мамыр 2021 ж, 17:35

1 қыркүйекте балалар мектепке бара ала ма?

   Қашықтан оқыту тағы бір жылға созылса, оны көтере алмай қалуымыз мүмкін. Педагогикалық кеңесте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай қорқынышын айтты, деп хабарлады КТК.
   Оның сөзінше, онлайн формат бәрін шаршатқан. Ұстаздарға коронавирусқа қарсы вакцинаны алып, түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жазғы мектепті жоғары деңгейде өткізіп, еңбек демалысы кезінде жақсылап демалып алу керек.
   "Мұның бәрі келесі оқу жылын бастауға негіз болады деп есептеймін. Мен алдағы білім беру жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деген ойдамын. Өйткені бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
   Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдыру ерікті екенін атап өткен шенеунік әріптестерінің дұрыс шешім қабылдайтынына сенімді. Ел ішінде ұжымдық иммунитет қалыптасса, еліміздің бас мұғалімі қашықтан оқытудан құтылып, барлық баланың 1 қыркүйекте мектепке оралуын қалайды.  
 
675
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan