Жаңалықтар
07 маусым 2021 ж, 16:07

БжҒМ ақылы олимпиадалар мен конкурстар туралы пікірін білдірді

   Ақылы білім беру олимпиадаларының Білім және ғылым министрлігіне қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Қоғамда көп талқыланып жүрген мәселеге тоқталып өтпекпін. Бұл өз кезегінде ұйымдастырылып жатқан ақылы олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Қазіргі кезде қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар да осы қызметтерді ұсынып келеді. Олар түрлі ақпарат көздері арқылы ата-аналарға да, оқушыларға да, мұғалімдерге де, мектептерге де мәліметтерді толықтай жеткізіп тұрады. Бұл қызмет көрсету саласы лицензияланбайды және министрлік тарапынан ресми тұрғыда рұқсат алуды қарастырмайтын қызмет түрі. Қазіргі кездегі тәжірибеде осы конкустардың барлығы ақылы түрде өткізіліп жатыр. Оларға қатысу үшін ата-аналар өз қаражатын салады», - деді Ш. Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде.
    Осы орайда ол аталған ақылы жарыстардың деңгейі түрлі дәрежеде екенін атап өтті.
«Ата-аналар мен мұғалімдердің атап өтуінше, олардың ішінде өте нашар ұйымдастырылатындары да кездеседі. Сонымен қатар, балалардың дамуы тұрғысынан қызықты әрі танымдық түрде өткізілетін олимпиадалар баршылық. Көбінесе бұл ұйымдар олимпиадалар атауын министрліктің тізбесінде бекітілген жарыстар секілді етіп жариялайды. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен мұғалімдер, мектептер әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушылардың қатысуын таңдаған кезде мұқият болуына кеңес береміз», - деді вице-министр.
   Оның айтуынша, өз қаражатын жұмсамас бұрын, ата-аналар ұйымдастырушының кім екенін, балаларды дамытуда қандай тәжірибесі бар екенін, балалардың оларға не үшін қатысуы керектігін, олардың қандай дағдыларды дамытатынын анықтау алуы маңызды.
652
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Ғабит Кәдірбай
8 маусым 2021 10:19
Ондай конкурстардан алған дипломдары мен грамоталарын категория көтеруге жарамсыз етсе министрлік. 

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan