Жаңалықтар
08 маусым 2021 ж, 15:16
Алғысым шексіз

Мен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алдым. Бізге білім мен тәрбие берген колледжімнің ұстаздарына шын жүректен алғыс айтамын. Осы оқу орнында білім алғанымыма шексіз қуаныштымын.
Қуаныш та, мұңайған сәттер де болды. Әрбір іс-шарасына рақмет айтамын, себебі басқа оқу топтарымен бірігіп ұйымдастырып, кейде бәсекелесіп, бірде жеңіс тұғырынан көрінсек, келесіде курстастарымыздың жетістіктеріне марқайдық. Қызықты күндерді өткіздік. Ұстаздарымыздың берген білімдерінің арқасында ақыл-ойымыз толысып, біліміміз кемелденіп, білмегенімізді ұқтық.
Тігін өнеріне баулыған ұстаздарымыз Мақтагүл Орымбаева, Манат Бекетова мен Жанар Барақбаеваға алғысым шексіз.
Жадыра ТАЛҒАТ,
Т-18-9 оқу тобын бітіруші
500