Жаңалықтар
08 маусым 2021 ж, 15:26

«Шашыңа бантик тағамыз»

   Біздің оқу тобы үшін нағыз қызықтардың «көкесі» 2-ші курста басталды ғой деймін. «Дәрежеміз» өсіп, жаңадан келген 1-курстағы «балмұздақтарға» мұрын шүйіре бүйірден қарай келсек, топ жетекшіміз ауысып кетіпті де, біздің топқа Гүлзия апай бекітіліпті. Енді қайттік...
   Алғашқы курстан білеміз, бұл колледжде қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатқан одан асқан қатал мұғалім жоқ екенін. Құдая-тоба, білім күні қуанып келген көңіліміз су сепкендей басылып, екі құлағымызға іліне жаздаған езуіміз дереу жинала қалды.  
   Барлығымыздың ойымызда «Енді қалай болар екен?» деген бір ғана сұрақ. Оқу басталып, сабаққа кірістік. Күнде тексеріс, күнде ата-анамен байланыс жасау... Сабақа кешіксек түсініктеме жазу, келмей қалсаң –   «анықтама» сұрала басталды. WhatsApp желісіндегі апайдың ұрысып жіберген «голосовойын» айтсаңызшы. Қыздарды қойшы, ұлдарға обал болды. Күнделікті колледж формасы, әскердегідей қатаң тәртіп, сабақ үлгерімі... Әбден титықтатып жіберді. Топтасым Ильдардың 1 курстағы жасаған еркеліктері көзден бұлбұлдай ұшты, апайдың бір-екі ұрысын  естіген соң ол бойын тез жинап алды. Кезінде  бірінші пардың ортасында келетін Ильдар батырымыз енді ерте келіп алдыңғы партада отыруды әдетке айналдырды. Өзін «тәртіп секторы» етіп сайлады. 
   Бірде, қателеспесем, қазан айының аяғында болуы керек, колледждің тазалық сақшысы Нұрханым ападан «Гүлзия, балдарың шешімке шағып, шашып кетіпті» деген шағым түседі. Содан апай бәрімізді алып қалып сумкамызды тексеруге кірісті. «Мәссағанның» көкесі сол кезде болды. Сумка ішінен бір дәптер (оның ішіне бес сабақ жазылған), насыбай, «Cola» ыдысының ішіне жинаған майда тиындар, нанға жағылған май, шемішкенің қабығы.... Бәрін айтта бірін айт сол апта ұлдар өздері күнде сабақтан қайтарда жарты метрден бөліп алып еден жуғанымызды айтсаңызшы. Бекарыс досым еден жуып жүріп «9 жыл мектепте, 1-ші курсымызда жумаған полды бір ай ішінде жудық-ау» дегенінде бәріміз ду күлгеніміз әлі есімде. Ертесіне тексеріс күшейіп, әр пәнге дәптер арналды. Оған жазылған лекцияларды күнде тексеретінін айтсаңызшы ерінбей. Сөйтіп апайымыз бізді біраз дұрыс жолға қойды. 
   Күнде бір қызық. Рамазан досымның шашы бөлек әңгіме, көргенде ақыретті сол шаштан көрді. Шашының жан-жағын алып төбесін өсіріп қойған. Апай үш күн қатарынан «Шашында ал, айтпесе бантик тағамыз» деп ұрысып жүрді. Рамазан да қырсығып, апайдың ашуына тиіп шашына қара резинка тағып келіп жүрді. 
   Арада толық бір апта өтті. Рамазан дүйсенбі күні сабақта жоқ. Апай «Қайдасың?» деп телефон шалып еді, ол «Ұйықтап қалдым, келе жатырмын» деп жауап қатты. Талғар ағайдың сабағы болатын. Бір кезде шашы жалбырап Рамазан кіріп келді. Гүлзия апай соңғы партада күтіп отыр еді, сабақ біте салысымен «Шашыңды алмағансың ба?» деп дүрсе қоя берді. Бір кезде «Ойбай апай, шашым!» деген Рамазанның күлкіге ұласқан жан даусы шықты. ...Ертесіне шашын тақыр етіп алып келгенде апайдың сөзін жерге тастамайтынын түсіндік. 
   Апайымыздың мінезі осындай. Қаққанда қанынды алады. Бірақ артынан басымызды сипап, еркелетіп қояды. Енді міне сол апаймыздан алған тәрбие мен білімнің арқасында жылы ұямыздан ұшқалы отырмыз. Қызығы көп үш жыл ішінде ұстаздарымызға, достарымызға үйренісіп қалдық. Ең қызықты кездерің –  осы кез, - деп апайымыз айтушы еді. Сол рас екен. 
   Колледжіміздің барлық ұстаздарына, әсіресе топ жетекшіміз Гүлзия Қалманова апайға алғысымызды білдіреміз. Сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Шәкірттеріңізбен марқайыңыз, құрметті Гүлзия апай! 

Айдын НҰРЫМБЕТ,
Қ-18-9/2 оқу тобының бітіруші түлегі 
388
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Бакдаулет
Бакдаулет
8 маусым 2021 17:02
Керемет досм😂

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan