Жаңалықтар
11 маусым 2021 ж, 11:21
«Балалар түнгі қалада» шарасы басталады
Бүгіннен бастап Қызылорда облысы ПД-ті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасын өткізеді, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Іс-шара барысында «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, сондай-ақ, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, инспектор-психологтар түрлі тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
Профилактикалық іс-шара 17 маусымға дейін жалғасады.
972
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
| « Тамыз 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| 31 | ||||||







