Жаңалықтар
14 маусым 2021 ж, 15:15

Ұстаз еңбегі — өлшеусіз

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген екен ұлы Абай бабамыз. Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Құрметті ұстаздар! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Тағы бір айта кеткім келетін жайт, колледждердің белсенділігі. Кез-келген мереке, сенбілік жұмыстары колледждердің қатысуынсыз өтпейтінін бәріміз білеміз. Колледж ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, барлық саладан белсенділік танытады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! 
Ғалым МҰХТАРҰЛЫ, 
Г-18-9 оқу тобының түлегі
501
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan