Жаңалықтар
20 маусым 2021 ж, 22:44
21 маусым: бұл күн ел тарихында
1824 жылы Қарқаралы қаласының іргесі қаланды. Алғашында бекініс ретінде салынған қамалдың орнынан 1827 жылы Қарқаралы казак станицасы бой көтерді. 1849 және 1850 жылдары Қарқаралы бекінісін нығайту үшін Украина казактары қоныс аударылды, ал 1869 жылдан бастап Қарқаралы уезд орталығына айналды.
1918 жылы қазіргі Алматы облыстық «Жетісу» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет қазақ, ұйғыр, өзбек, татар тілдерінде шығып тұрған. Газеттің алғашқы редакторы болып С.Шәкіржанов тағайындалған болатын.
1940 жылы академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды.
1995 жылы ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өмірі туралы деректері бар «Абай» энциклопедиясы жарық көрді.
2001 жылы Қостанай қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды.
2007 жылы Семипалатинск қаласының аты Семей деп өзгертілді. Оған қалаға жақын маңдағы Семей-Тау жотасының аты негіз болды. Қаланың атын өзгертуге қаладан 130 шақырым жерде орналасқан бұрынғы Семипалатинск ядролық сынақ полигонының атын халықтың есіне салатыны себеп болды.
2010 жылы Орталық Азия өңірінде алғаш рет Алматыда ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шартты қолдау мақсатында Халықаралық оқу орталығы ашылды.

2012 жылы Польша азаматы Анджей Млынарек өзін аштықтан, аурудан құтқарған қазақ отбасына алғыс білдіру мақсатында 70 жылдан кейін Қазақстанға оралып, тағы бір мәрте қазақ халқының қонақжайлығы, адалдығы, мейірімі мен махаббатын сезінді. Қонақ аудандық мешітке келіп, қиын-қыстау кезеңде оған көмек көрсеткен адамдарға құран бағыштады, зиратқа барып, гүл шоқтарын қойды.
2015 жылы Түркия астанасы Анкара қаласында саябаққа қазақ ақыны Сүйінбайдың есімі берілді.
2017 жылы Қазақстан Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар бойынша Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) декларациясына қосылған 48-ші мемлекет болды және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің қауымдастырылған мүшесі атанды.
2019 жылы Ядролық жеткізушілер тобының (ЯЖТ) пленарлық отырысы барысында Қазақстан ядролық материалдар экспортын жүзеге асыратын және атом саласын дамытатын 48 мемлекеттің осы беделді бірлестігіне төрағалық етті.

1 036