Жаңалықтар
23 маусым 2021 ж, 16:25
Рейтингтер – ТжКБ жүйесін жетілдіруге бағытталған жол
Оқу орнын таңдауда біз неге сүйенеміз? Әрине, бірінші кезекте таныстарымыздың пікіріне, оқу орнының дәрежесіне және беделіне, сонымен қатар рейтингіне сүйенеміз. Білім беру ұйымдарын саралау тарихи XIX ғасырдан бастап жоғары оқу орындарының рейтингісін құрудан бастап Америка Құрама Штаттарынан басталғанын білесіз бе? XX ғасырдың аяғында «US News&World Report» журналы өздерінің рейтинг қызметін кеңейтті және біртіндеп басқа білім беру дәрежелерін қоса бастады, сонымен қатар колледждер енді.
Қазақстанда да соңғы жылдары білім беру сапасын бағалау мәселелеріне көп көңіл бөлініп, кәсіптік-техникалық білімге ерекше назар аударылуда. Бұл тұрғыда «Талап» ҮЕАҚ (бұрынғы «Кәсіпқор» холдингі» ҮЕАҚ) техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) орындарын саралау жұмыстары өте маңызды.
Колледждерді саралау жүйесі:
– колледж қызметкерлерін тұрғындарға сапалы және оқу қызметтерін ұсынуға ынталандыруды;
– колледждерді қаржыландыру айқындылығы мен объектілігін;
– бәсекелестік негізінде қосымша қаржыландыру механизмін құруды;
– ТжКБ жүйесін дамыту және жай-күйі туралы мәліметтер базасын құруды;
– ТжКБ қызметтеріне сұранысты ынталандыру және үздік практиканы анықтау үшін ақпараттық және сараптамалық негізді құру арқылы ТжКБ жүйесін дамытуға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
ТжКБ жүйесінің қолжетімділік пен сапасы көрсеткіштерінің бірі колледждердің қызметінің жалпы бағасы және олардың рейтинг жүйесіне енуі. Бұл ТжКБ беру ұйымдарының мықты және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
2014 жылы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ колледждердің рейтинг жүйесін құру әдістемесін әзірледі және 2017 жылдан бері ТжКБ беру ұйымдары арасында рейтинг ұйымдастырып келеді. Бұл, өз кезегінде ТжКБ беру ұйымдарының арасындағы бәсекелестікті тудыруда.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі 2017 жылдан бері аталмыш рейтінгіге үзбей қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мысалы, сол жылы еліміздің 328 колледждері қатысқан рейтингте Қызылорда облысындағы меншік нысанына қарамастан барлық колледждер арасында 2-ші орын иеленсе, жеке колледждерінің арасында 1-ші орынға жайғасты (республика бойынша – 3-ші орын).
2018 жылы ұйымдастырған рейтинг нәтижесімен 90,25 баллмен облыс бойынша меншік нысанына қарамастан барлық коледждердің ішінен 1-ші орынды, ал республика бойынша 4-ші орынды (жеке колледждер арасында – 2-ші орын) иеленді.
2019 жылғы рейтингте Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі 94,25 балл жинап, меншік нысанына қарамастан облысымыздың және Қазақстанның барлық колледждерінің арасында сәйкесінше 1-ші және 3-ші орындарды иеленді. Ал еліміздің жеке колледждерінің арасында 1-ші орынды жеңіп алды.
2020-2021 оқу жылы бойынша еліміздің колледждері рейтингісі алдағы бір-екі айда шығады деп күтілуде. Нәтижесі қандай болмақ – оны уақыт көрсетеді.

1 126