Жаңалықтар
24 маусым 2021 ж, 13:25

В.Путин Қызылорда облысының әкімін марапаттады

Ресей президентінің марапаты Байқоңыр кешеніндегі Қазақстан президентінің арнайы өкілі Серік Сүлейменовке де табысталды, деп хабарлайды sputnik.kz.
Ресей президенті Владимир Путин Қызылорда облысының әкімін құрмет грамотасымен марапаттады.
"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, достықты нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының әкімі Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы Ресей Федерациясы президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды", - делінген Байқоңыр қаласы әкімшілігінің хабарламасында.
Владимир Путиннің атынан дәл осындай награда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Серік Сүлейменовке де табысталды.
Байқоңырдағы Ресей әкімшілігі Әбдіхалықованың марапатталуына байланысты құттықтау жариялады.
"Байқоңыр қаласының тұрғындары Сіздің қамқорлығыңызды үнемі сезінеді, Байқоңырдың өміріне жеке араласуыңыздың арқасында көптеген жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр, ал қала тұрғындары бұл жоғары награданы Қазақстандағы ғарыш саласының өсуіне, бірлескен Ресей – Қазақстан жобаларының жүзеге асырылуына және Байқоңыр қаласын дамытуға жұмсаған үлкен күш-жігеріңіздің бағасы деп қабылдайды", - делінген хабарламада.
876
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan