Жаңалықтар
03 шілде 2021 ж, 11:37
АҚ ЖОЛ, ЖАС МАМАН!
Маусымның соңғы күндерінде колледжімізде аздаған абыр-сабыр... Пандемия талаптарына дағдыланып қалдық па, әйтеуір кәдуілгі тыныштықтан маза кете бастағанда құлақ түріп елең ете қаламыз. Келім-кетім адам қарасының жиілеу себебі - жас түлектеріміз дипломдарын алып, үлкен өмірге қанат қағып жатыр.
Дипломдарын табыстау үшін оқу орнының басшылығы түлектерді бөліп-бөліп әр түрлі уақытқа шақырған. Шалғай аудандардың тұрғындарына поштамен жөнелтіп жатыр. Талап солай. Ғаламды жайлаған алапаттың кесірінен былтырдан бері өмірде бір-ақ рет келетін, болашақ нәпақаңның кепіліндей болмақшы екі жапырақ қағазды елеусіз ғана аласың... Аста-төк қуанып, жүректері жарылардай толқып жүрген жас түлектерді есіркеп кетесің кейде. Соншалық аяулы болған балғын жүздеріндегі риясыз қуаныштың, нәп-нәзік сезімнің бөгеті болған мына бір індетке лағынет айтасың амалсыз... Жаратқан Ие сабыр берсін!
Әйтпесе, кең сахнада әдемі көйлекті киіп, шашты жақсылап сәндеп, алаулатқан-жалаулатқан сценарийді дайындап, күллі достар мен жанашыр туыстар, ата-аналарды көрермен жинап, тәлім мен тәрбиесін сарқа берген құрметті ұстаздарға бас иіп, алғыстарын айта отырып дипломдарын салтанатты түрде қолдарына алып, кеуделеріне басуға әбден лайық еді ғой айналайындар! Жолдары ақ болсын!
- Колледжді жақсы бағамен бітіріп, міне «Қызыл диломымды» қолыма алып, қуаныштан толқып тұрмын, - дейді жас түлек Айымжан ӘБДІКӘРІМ. - Колледж қабырғасындағы үш жылымыз – өміріміздің ең жарқын есте қалатын кезеңі деп білемін. Соңғы жылды есептемегенде, студенттік өмір қызықты сәттерімен есте қалды. Бірге оқыған достарымды, білім нәрімен сусындатып, қанатымызды қатайытқан, жақсы маман болып қалыптасуымызға бар күш-жігерлерін жұмсаған ағай-апайларызды қимаймыз. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Құдай қаласа, колледж қабырғасында алған білімді келешегімзге жаратамыз деген сенімдемін.
Биылғы оқу жылы Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі «Төтенше жағдайларда қорғау», «Бағалау», «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» және «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша барлығы 135 жас маманды түлетіп отыр.
Ақ жол саған, жас маман!

431