Жаңалықтар
03 шілде 2021 ж, 13:55
ЕЛУ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ САҒЫНЫШТЫ КЕЗДЕСУ
Осы күндері колледжіміздің 135 түлек диплом алып, өмірдің ұлы керуенінен өз несібелерін термекке аттанып жатқанда, осыдан тура 50 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер де кездесіп жатты. Аса бір ел-жұрттың көзіне түсіп, сырнайлатып-кернейлетпей-ақ 1971 жылы Қызылордадағы 1-Май атындағы мектебінен түлеп ұшқан ондаған аға-әпкелеріміз бүгінде қатарлары едәуір сиресе де емен-жарқын бас қосты.
Тай-құлындай тебісіп, шыбықты ат қып мініп көшенің шаңын шығара шапқылаған балалық шақ, бертіндегі мектеп қабырғасын имене аттаған қарасирақ өрендер мен тұлымшағы желбіреген бүлдіршін қыздар... Он жыл бір сыныпта оқып, бір партада отырып, бір ұстазадан тәлім-тәрбие алған армандастар.
Жарты ғасыр бұрынғы түбіт мұртты бозбала бүгінде ақ сақалды қария, бойжеткен - салиқалы әже. 50 жылдық кездесудегі образдарды сыртынан қарап тұрған адамның өзі-ақ әсерленіп, бөлекше толқыныс кешеді. Ал соның ішінде тіптен кейбіреулері бірін-бірі мектеп қабырғасынан кейін көріп тұрған шара кейіпкерлерінің сезімдерін тіл жеткізіп айту қиын.
Колледжіміздің құрылтайшысы Мирамбек ағайымыз кластың топ басшысы болған екен. Әлі де «староста». Осынау шараны ұйымдастыруда басты кейіпкер өзі екені сырт көзге «ұрып» тұрады. Сондықтан ба екен, шараның ұйымдастырылуында мін жоқ. Әйтпесе, жастары жетпіске таяп қалған ата мен әжелерге шілденің шіліңгірінде шанхай түсте бастарын құрау оңай емес. Оның үстіне карантин деген кесапаттың кесірінен кішкене қуыс-қуыспен бұқпантайлап жүру керегі тағы бар.
Елу жыл бұрын тіршілік нәпақаларын теріп дүниенің әр қиырына кеткен мектеп түлектерінің бүгінде біршамасы қатарда жоқ. Кездесуге жиылғандар дастарқан алдында алдымен өмірден өткен достарына, ұлағатты ұстаздарының рухтарына Құран-Кәрім бағыштады. Кешті балалық шақтың бал қызықтарын тілге тиек ете жүріп, кейбір кластастарының бала күнгі лақап аттарын айтып, әзіл қалжыңға сүйей сөйлеп Мирамбек ағай өзі жүргізді.

984