Жаңалықтар
01 қыркүйек 2021 ж, 10:24
Қадірлі әріптестер! Аяулы шәкірттер!
Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймын! Заманалар алмасып, жүйрік жылдар зырғи жөнелсе де бағасы өзгермейтін бір құндылық бар, ол - білім! Оның көкжиегі - кең, ауқымы - шетсіз, пайдасы - шексіз! Сол құндылықты игілікке жиюға ұмтылған барша білімпаз- шәкірттеріміз бен білімгер-әріптестерімізге осы оқу жылында да сәттілік пен абырой тілеймін!
Биыл Тәуелсіз Қазақстанымызда 30-шы рет күміс қоңырау соғылып, балаларымыз білім ұясына ағылмақ. Бұл 30 жыл - ілгерілеу мен алға жылжудың үрдістерін қалыптастырған білім мен ағарту саласының да мерейлі жылдары! Осы 30 жылда ұстаздарымыз бен алтынұяларымыз миллиондаған шәкіртке ғұмыр таңбаларын танытып, оларды білім сәулесіне шомылдырды. Түрлі сын-қатер мен қауырт қиыншылықтылықтарды басынан өткерген педагогика осы жылдар ішінде кемелденіп, дамыды. Сол даму даңғылы ешқашан тарылмасын! Мектептерімізден мемлекетшіл, елшіл балалар өсіп-өніп, ел байрағын асқақтата берсін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Құрметпен,
облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира ҚАСЫМОВА
436
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
| « Шілде 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||







