Жаңалықтар
06 қыркүйек 2021 ж, 11:19
Тәуелсіздік жетістіктері (СУРЕТТЕР)
Көзді ашып-жұмғанша жаңа оқу жылы да келіп жетіп, колледжімізде 361 студент сабақтарын бастап кетті.
Оның ішінде биыл біздің оқу орнын таңдап, «Төтенше жағдайларда қорғау», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі» және «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығы бойынша білім гранттарына ие болған оқушыларымыз да бар.
- Мен Қазалы ауданының Шилі деген елді-мекенде тоғызжылдық мектепті бітірдім, - дейді Тж-21-9 оқу тобының 1-курс студенті Нұрқанат Қалмұрат. - Арман қуып үлкен қалаға – Сыр елінің бас шаһарындағы осы колледжге «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде оқуға түстім. Алғашқы сабақ, жаңа достар – барлығы жақсы әсер қалдырды. Өзім армандаған мамандықты шегіне жеткізе игеріп, өз саламның үздігі болу жолындағы алғашқы қадамым сәтті болды деп есептеймін.

Әдеттегідей, 1 қыркүйек – Білім күні алғашқы тәрбие сағаттары өтіп, олардың тақырыптары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Әлемді жайлаған індетке байланысты бір жарым жыл қашықтықтан білім алуға мәжбүр болған оқушылар пандемия салдары әлі де қауіпсіз еместігіне қарамастан, барлық талаптарды ұстана отырып оқу ордасына жиналды. Бір-біріне жылыұшырай қарап, оқытушыларды да бұрынғыдан бетер құрмет тұтатындай болып оралғандай сезілді. Ұстаздардың да шәкірттерін сағынып қалғандары көзге ұрып тұр. Езулеріндегі риясыз жымиыстарын бетперделері де жасыра алмады.
- Білім грантына ие болып, оқуға түскеніме қатты қуаныштымын! Алғашқы әсерді толқымай айтып жеткізу қиын, - дейді күлімсіреп Т-21-9 оқу тобының студенті Ақжүніс Сейтова. - Бала күнімнен тігін өнеріне икемді болдым, есейе келе киімдердің түрлі үлгілерін шимайлауға құмар бола бастадым. Міне, сол әуестігім күнделікті дағдыма айналып, ақыры болашақ мамандығым ретінде таңдауыма ұласты.
Алғашқы күннен-ақ колледжімізде білім алу мен мамандық игеруге барлық жағдайдың жасалғанына көзім жетім, көңілім өсіп қалды. Ата-анам да ерекше қуанып жүр. Құдай қаласа, ата-анам артқан сенімнен шығып, ұстаздарымыз үйреткен ілім-білім мен тәрбиені бойыма сіңіруге күш салатын боламың.
«Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша 1 курс оқушыларың тәрбие сағаты «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталып, соның ішінде мамандықтарына сәйкес құтқару қызметіндегі жетістіктерді кеңінен тарқатты. Жас маман Айбек Қадыр топ жетекші ретіндегі алғашқы шарасына жақсы дайындалғандығын көрсетті.
Басқа оқу топтарындағы тәрбие сағаттары да аталмыш тақырып аясында өтті. Сабақтар барысында еліміздің құрылыс саласындағы жетістіктері, Арқа төрінде, Еуразияның кіндігінен орын тепкен ару астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы туралы тереңірек ой қозғалып, құрылыс мамандығында оқитын шәкірттер өздерінің де келешекте осы салада қолтаңбаларын қалдырғысы келетіндіктерін аңғартты.
- Колледжде алғашқы күннен-ақ жаңа достар таптым, - дейді Т-21-9 оқу тобының 1-курс студенті Ақерке Өмірзақ. - Группаластарым бауырмал екен, тез тіл табысып, бұрыннан құрбы-құрдастар секілді араласып кеттік. Студенттік өміріміз қызықты өтетініне сенімдімін.

596