Жаңалықтар
14 қыркүйек 2021 ж, 13:38

Қыркүйектегі туған күн иелерін құттықтаймыз!

21 қыркүйек
Айнұр МЫҢЖАСАРОВА, оқытушы 
 

Тастан ауыр мінезінің салмағы,
Шыңнан биік талғамы.
Айнымайды қарапайым қалпынан,
Жақсыларға толы болсын жан-жағы.
 
Негізі бар ғой: бұл кісі –
Тиянақтылықтың   үлгісі.
...Кімнің ұзақ жасағысы келмейді,
Кімнің келмес бақытты өмір сүргісі?
 
Ал бақыттан не бар дейсің құнды аса?
Адам ұзақ жасай да алар шындаса.
Екеуін де Айнұр апайға тіледік:
Мыңжасарова, мың жаса!
 
21 қыркүйек 

Алтынай АЛМАХАНОВА, есепші
 
Дауысы шығып күнде өктем,
Жарылқардай боп «льгодпен»,
Есепші деген өзінше болып жүруші ед(і)
Қарапайым жан бұл неткен?
 
Жанында, қайта, қарапайымдар «өзінше»,
Айлығыңды да есептеп берер көзіңше.
Есептерінен қалады ма екен жаңылып,
Алтынай апай «бұғалтірлігін» сезінсе.
 
Ақжарма тілек – дауасыз уақытқа бұл да емшің.
Алтынай апай ұрпағыменен гүлденсін.
Айлығымыздың көптігі сонша, шатасып,
Миллиондап алар күн келсін!
 
26 қыркүйек 

Нағима ИМБЕТОВА, кітапханашы
 
Қалжыңдасып үлкенмен де, кішімен, 
Танытатын жылы шырай, түс, рең. 
Жұрттың онда шаруасы көп шығар, 
Бірақ оның шаруасы жоқ кісімен. 
 
Байқалса егер керенаулық сұрқаны, 
Шығар оның сонда талқан-бұлқаны. 
Айтар сөзін орағытпай тура айтар, 
Жалаңтөстің, Әйтекенің ұрпағы!
402
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Удербаев С.С.
14 қыркүйек 2021 14:26
Құтты болсын!
Ғабит Кәдірбай
14 қыркүйек 2021 14:36
Құттықтаймын!  Бақытты болыңыздар! 
Гүлнұр Бекболатқызы
Гүлнұр Бекболатқызы
20 қыркүйек 2021 00:44
Алтынай апай, Айнұр апай, Нағима апайлар алда келе жатқан туған күндеріңіз құтты болсын. Мықты денсаулық пен бақыт, байлық тілеймін. 

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan