Жаңалықтар
04 қазан 2021 ж, 11:22
Мерекелік лебіз
Құрметті Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің ұжымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
Ұстаз ұлағатын ұлықтап, қадірі мен қасиетін құрметтеу парыз болса, олардың жағдайын жасап, мәртебесін көтеру – міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында да білім саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл әрбір педагогке зор жауапкершілік жүктейді.
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі аймағымыздағы тарихқа бай, мамандарының кәсіби шеберлігі қалыптасқан киелі оқу орындарының бірі. Өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына сіздердің әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз бар.
Тәуелсіз қазақ елінің өркендеуіне қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Ақзира ҚАСЫМОВА, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы.

238