Жаңалықтар
05 қазан 2021 ж, 11:36
Қазандағы туған күн иелерін құттықтаймыз!

9 ҚАЗАН
Гүлнар АТАКАЕВА,
орыс тілі пәнінің оқытушысы
Жанырында – шуақ төккен мейірім,
Жұмысына аударған бар пейілін.
Гүлнар апай, туған күнің құтты боп,
Шәкірттердің аша бергін зейінін!
Барлығы да – сізге, қанша гүл болса,
Маңайыңыз дейміз әркез нұрланса.
Мерейіңіз тасығаны емес пе,
Талай шәкірт өзіңізден үлгі алса.

Ботакөз ТАҢҚЫБАЕВА,
директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Сөйлемейді қарап алмай бас-көзге,
Көп мағына сыйғызады аз сөзге.
...Күлімсірей қарағанда нұр төге,
«Бар ма, – дерсің кейде, – бұдан жақсы өзге?»
Өз ісінің, сөз жоқ, үздік маманы,
Жұмысына барын, бәрін салады.
...Қабағына бұлт үйрілсе кей сәтте,
«Бар ма, – дерсің кейде, – бұдан жаманы?»
Жақсы көрмес берекелі күзді кім?
Барлығы да күзде туар ізгінің.
Туған күнмен құттықтаймыз бәріміз,
Боткөздей үздіктердің үздігін!

Азберген АБИШЕВ, қарауыл
Туған күнмен құттықтаймыз ағайды,
Әрбір таңы атсын дейміз арайлы.
Дүниеге адам болып келген соң
Пенде шіркін бар бақытты қалайды.
Сол қалауы орындалсын өмірде,
Қылаудай мұң орнамасын көңілге.
Айналасы аман болып әрдайым
Тек тыныштық бола берсін елінде!

Бақыт БЕКМҰРАТОВА,
физика пәнінің оқытушысы
Бір тәмсіл бар ойлануға жараған,
Ойшылдардан ойлыларға тараған:
Туылғанда азан айтып қойылған
Есіміне ұқсайды екен әр адам.
Ат қоюдың бар тәлімдік жүйесі,
Әр есімнің болады екен киесі.
Есімінен айнымайтын бір жан бар,
Ол – осынау туған күннің иесі!
Әр адамға болғанымен керегі
Шын бақыттың көрінбейді дерегі.
Ал осы жан бақыт сынды бейне бір
Есімі де Бақыт еді себебі.
Шәкірттері тәрбиесін құп ала,
Сан салада жүр болаттай сынала.
Отбасында он бес бала өсіріп,
Барлығын да бақытты еткен Ұлы Ана!
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж ұжымы
280