Жаңалықтар
04 қараша 2021 ж, 15:42

ҚАРАШАДАҒЫ ТУҒАН КҮН ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13 ҚАРАША
Дильмухамбет ТЛЕУБАЕВ, 
директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары
 
Көрінгенге көрінбес ибасы оңай,
Бар жұмысын алады миға санай.
Бара жатар бір жерге, келе жатар,
Тыным таппай жүретін Димаш ағай.
 
Жақсы тілек айтамыз жалғастырып,
Димекеңе тілейміз бар жақсылық.
Ғұмырыңыз бақытпен жүзге жетсін
Аман-есен жыл жылды алмастырып.









15 ҚАРАША
Айтолқын АБДИЕВА, 
химия пәнінің оқытушысы



Туған күніңе тілектеріміз тым ыстық,
Еңбектеріңе – алтын береке, күміс құт.
Есіміңдегідей бар ғұмырыңа тілейміз
Айдын бетіне Айды тербеткен тыныштық!










16 ҚАРАША
Айнұр ДЖУСУПОВА, 
арнайы пән оқытушысы
 
Бейкүнә сәбидей түр-өңі,
Дәл сондай нәп-нәзік жүрегі.
Қаншаға толғанын білмейміз,
Жыл сайын жасарар реңі...
 
Бақыттың таусылмай ән-биі,
Жалғансын сәбидей бар күйі.
Қуыршақ келбетті болса да,
Болмасын тағдырдың «Барбиы».








22 ҚАРАША
Камалбек БАЙТАСОВ, 
арнайы пән оқытушысы



Өмір бойы жалқаулықпен шайқасып,
Білімсіздікпен айқасып,
Бүкіл оқу орындарын аралап
Келе жатыр біздің ағай Байтасов.
 
Құдай қуат берсін дейміз деніне,
Адал қызмет ете берсін еліне.
Шәкірттері шыңға шығып әрдайым,
Көтерілсін тек білімнің көгіне!
 
276
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan