Жаңалықтар
06 желтоқсан 2021 ж, 11:31
Кредиттік технология - заман талабы
Кредитті оқыту жүйесі – даралау негізінде өз бетімен білім алу деңгейін арттыруға және білімді шығармашылықта меңгеруге, білім алу жолын таңдауға, кредит түрінде білім көлемін игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Кредитті оқыту жүйесін оқу үдерісіне енгізуге негіз болған қазіргі өндірістің модернизациялануында, жоғары технологиядағы құрал-жабдықтардың қондырылуы, оған қызмет ететін арнаулы кәсіби білімі бар орта буындағы мамандардың теориялық кәсіби білімдерінің дәрменсіздігі ықпал етті. Жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының академиялық дәрежесі бар бакалавр мамандарының теориялық кәсіби білімінің өндіріске бейімделмеуі мен кәсіби құзыреттілік қабілеттерінің төмендігіне наразылығы, олардың сұранысын қанағаттандыра алмауы салдарынан колледждегі орта буын мамандарының теориялық білімін тереңдетіп, практикалық бағдарлы оқытуды тікелей өндіріспен байланыстыру бастамалары мемлекет деңгейінде және қоғам ортасында қызу талқыланып, 2010-2012 жылдары пилотты эксперименттер колледждерде басталып кетті.
Кредиттік оқыту жүйесін дуалды оқыту формасы сияқты жаңа форматтағы мамандарды даярлауға бағытталған дербес оқу үдерісін ұйымдастырудың формасы деп атауға болады. Кредиттік оқыту технологиясының толығымен жоспарлы ұйымдастыру, басқару мен жүзеге асыру, бақылау жасау бірегей жүйеге жатады. Енді, осы кредиттік оқыту жүйесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайын қысқаша қарастырып көрейік. Қазіргі кезде жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы аталған оқыту жүйесін жеткілікті біліп, өздерінің кәсіби еңбегінде тікелей тәжірибелеуде. Біздің тарапымыздан қарастыратын мәселе оқыту жүйесіндегі білім алушылардың өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекетін сапалы орындауға мүмкіндік беретін әдістемелік тұрғыдағы педагогтардың әрекеттері болмақ.
Кредит, кредит сағаты – білім алушы мен білім берушінің оқу жұмысын өлшеу бірлігінің унификациясы. Бір кредит білім алушының аптасына бір академиялық сағатта аудиториялық жұмысына тең. Ол бір семестр көлемінде, он бес аптаның әр аптасында жүреді. Ол академиялық сағат 2 сағат өзіндік жұмыспен жүктелініп отырады. Бір академиялық сағат 1 контактілі сағатқа тең.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру іс-әрекеті білім алушылардың өзіндік жұмыстар сипатын нығайтып, аудиториялық сабақтардың көлемін қысқарту болып табылады. Мұнда негізгі міндет білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде өз бетімен білім алу және өзбетімен даму қабілеттерін дамыта, кәсіби еңбегіне қажетті ақпараттарды жүйелі меңгерумен шектелмей, ол білім көзін қабылдау мен қолдануда сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға бағыттайды. Олай болса, бір кредиттегі аудиториялық сағаттардың саны азайып, өзіндік жұмысқа бөлінген сағат көлемі мәнді өзгеріп отыруына да мүмкіндігі бар.
Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылығы – білім алушы семестрге белгіленген кредит көлеміне сәйкес мамандық бойынша семестрге ұсынылған оқу курстарын өз еркімен таңдап, білім беру бағдарламасын және жеке оқу жоспарын өзі құрады. Оқу курстарын жүргізетін оқытушыларды да білім алушының өзі таңдауға құқығы бар. Сонымен бірге, білім алушыларға таңдау курстарының тізімі мен мазмұны белгіленеді. Таңдау курстары көп жағдайда жергілікті аймақтың ерекшеліктеріне тән анықталып студенттерге ұсынылады.
Қазіргі Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінде білім алушылар толығымен ұсынылған кәсіби және таңдау курстарын, оқытушыларды өзбетімен таңдау толық жүзеге асырылмай келеді.
Шетелдердің кредиттік оқыту жүйесі тәжірибесінде әр бір білім алушы кез-келген пәнді, таңдау курстарын, оқытушыларды оқу жылы басталғанға дейін оқу орнының арнайы қабырғадағы бекітілген құжаттардан, кестелерден, болмаса университеттің сайтына кіріп әр пәнге, оқытушыларға тіркеледі. Әр бір пәнді бір семестрдің ішінде аяқтау міндетті емес, оны екі семестр, екі курс болмаса бірнеше жылға дейін оқып тапсыруына мүмкіндіктері бар. Олай болса, кредиттік оқыту жүйесі сызықтық оқыту жүйесінде нақты анықталған курстарды міндетті түрде белгіленген мерзім ішінде мамандық студенттері оқып меңгеру, сынақ, емтихан тапсыру қатаңдығынан айырады. Студенттер басым жағдайда білімді өзбетімен меңгеруге, басым жоба ізденіс және шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы негізгі оқу курсының білім мазмұнын меңгеруге бағыттайды.
Қорыта айтқанда, білім беру оқу орындарында жаңа келбеттегі мамандарды даярлауды ұйымдастыру оқу үдерісі - кредитті оқыту формалары сызықтық немесе дәстүрлі оқыту формасы сияқты дербес жүйесімен ерекшелінеді. Оған негіз болатын оқу орнында мамандықтар бойынша білім бағдарламасын жүзеге асырудың жоспарлау, ұйымдастыру мен басқару, бақылау мен сапасын анықтау біртұтас, комплексті жүреді. Бұл оқу үдерісінің формалары сабақты оқытуды ұйымдастыру формаларынан ерекше, дәрежесі үлкен, дербес оқыту жүйесі болып табылады.
Оқу үдерісінің осы формасы қазіргі таңда жас буын мамандарын даярлауға бағытталған қоғамдық және тұлғалық қажеттіліктерді толық қанағаттандыруға потенциалы жеткілікті. Кредитті оқыту формасының мақсаттық бағыты бір, яғни, білім берудің жаңа парадигмалары негізінде құзыретті кәсіби жоғары білікті мамандарды даярлауды көздейді. Бірақ, білім беру мазмұны мен әдістемелік сипаты жағынан ерекшелігі айқын.
Кредиттік оқыту формасы білім алушыларды басым теориялық білімі негізінде әр түрлі өзбетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді шығармашылық бағытта жұмыстануға бағыттайды. Бұл оқыту формасында білім алушылардың комфортты, қолжетімді оқу-танымдық әрекеттермен өзбетімен шұғылдануға мүмкіндіктер жасалып келеді.
Назым ӨТЕГЕН,
арнайы пән оқытушысы

1 193