Жаңалықтар
18 қаңтар 2022 ж, 17:16

Психологиялық көмек көрсететін сайт ашылды

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің психологі  Сандуғаш Өмірбекованың бастамасымен Психологиялық қызмет көрсету сайты іске қосылды.
Басты мақсаты - балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын оңтайландыру, жас жеткіншектер арасындағы суицид пен зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу.
Сайттың ыңғайлы интерфейсі желі қолданушыларға мемлекеттік және орыс тілдерінде түрлі психологиялық тесттерден өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, короновирустың алдын-алу мен басқа да өзекті мәселелер  бойынша кеңес береді. 
Идеяның авторы Сандуғаш  Бағдатқызының айтуынша, күйзеліске түскен кәмелет жасына толмағандар сайт арқылы өз проблемаларын психологқа   ашық айтып, кеңес сұрай алады. Маман, өз кезегінде, жеткіншектерді сабырға шақырып, оларға  түйткілді шешу жолдарын түсіндіріп, бақытсыз жағдай болдырмауға барынша күш салады. 
Кез келген адам психологқа қызықтырған сауалдарын сайтта көрсетілген электрондық почта, немесе ватсап желісі арқылы қоя алады. 
Психологиялық көмек көрсететін сайт – https://5e90d255c2946.site123.me мекенжайы арқылы қолжетімді.


 


 
328
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan