Жаңалықтар
17 ақпан 2022 ж, 19:03
Маслихат хатшысы колледж тынысымен танысты
Кеше Қызылорда қалалық маслихатының хатшысы Ибадулла Құттықожаев облыс орталығының солтүстік-батыс аумағында орын теуіп, халық арасында "Гагарин", "Титов" аталып кеткен мөлтек аудандардағы бірнеше әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап, олардың басшыларымен түйткілді мәселелерді талқылады.
Жұмыс сапары аясында Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжіне ат басын тіреген халық қалаулысы педагогтармен кездесіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында соңғы уақытта еліміз бен аймақта орын алған келеңсіз жағдайлар мен алдағы уақытта олардың алдын-алуға қатысты ой бөлісіп, маслихаттың 2021 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына қатысты қысқаша тоқталып өтті.
Қазіргі таңда колледжде он бір мамандық бойынша 372 студент білім алуда, оның 360-ы мемлекеттік грант есебінен. Балалардың сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалған. Бұл тұрғыда заманауи құралдармен жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, кітапхана жұмысын жасауда. Педагогтардың 20,5 пайызы жоғары санатты, 15,9 пайызы - 1-ші, 36,3 пайызы - 2-ші санатты мамандар.
Қазіргі таңда колледжд аумағында еңселі спорт ғимараты бой көтеруде. Нысанды аралап көрген маслихат хатшысы оның келешекте оқушылармен қатар жергілікті тұрғын аймақтағы жастардың спортпен шұғылдануына, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Түйткілді мәселелердің бірі - оқу орнының іргелес орналасқан КНС (канализациялық-насостық станция) құбырына жеке ассенизаторлық арнайы көліктер иелерінің рұқсатсыз кәріз суларын төгіп, қоршаған ортаны ластауы. Оған қатысты тиісті коммуналдық мекемеге жергілікті тұрғындар мен колледж әкімшілігі тарапынан шағым көп, бірақ нәтиже көрінбейді. И.Құттықожаевтың жұмыс сапары барысында бұл мәселе "Қызылорда су жүйесі"мекемесінің инспекторы Ж.Бердиевтің, 5-ші учаскелік полиция пунктінің аға учаскелік полиция инспекторы Т.Қалиевтің қатысуымен талқыланып, оны шешуге қатысты нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

291