Жаңалықтар
18 ақпан 2022 ж, 10:28
Физиканың орнына — информатика

«Министрлікке жоғарғы оқу орындарына ITбағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түседі. Осыған байланысты тиісті талдау жүргізіліп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына Математика+Информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылданды.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді. Бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады», - делінген хабарламада.
413