Жаңалықтар
14 сәуір 2022 ж, 10:20

Мүмкіндіктер керуені

    2022 жылы сәуір айының 13 жұлдызында Тасбөгет кентінің орталық алаңында жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Мүмкіндіктер керуені» шарасы өткізілді. Іс-шара жастарға және жас отбасыларға тұрғын-үй алу мүмкіндігі, жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастар денсаулығы, жастарға кәсіптік бағдар беру бағыттары бойынша ұйымдастырылды.               

    Шараның ашылу салтанатында Тасбөгет кентінің әкімі Сыздықов Семсер мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы»  КММ директоры Құрмаш Асқар сөз сөйледі. Шара барысында қаламыздағы 10-нан аса колледждер мен ЖОО-дары мектеп оқушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, "Болашақ" жоғары медициналық колледжі, "Абылайхан" жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, «Орда» жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі және т.б. оқу орындарымен жұмыстар жүгізілді.    

  Аталмыш іс-шараға біздің колледжімізден қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Шалқарбаев Алмат және арнайы пән оқытушылары Бекетова Манат, Онайбеков Бауржан, Сыдыков Бактыбай барып мектеп оқушыларына колледжіміз туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты. Колледжімізге мектеп директорларының бағдарлы жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері және  оқушылар қызығушылық танытты. Шара барысында  бос орындар жәрмеңкесі, «Кітап сыйла» акциясы, «Дәрігер қабылдауы» жылжымалы медициналық бекеті, «Үйірмелер мекені» шарасы, «ТілБіл» тілдер курсы, ұлттық спорттық ойындар, «Art-Master» кастингтері өткізілді.

363
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan