Жаңалықтар
22 сәуір 2022 ж, 11:39
КРОССФИТТЕН - ҮШТІКТЕ!
22 сәуірде Қызылорда қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ және Абылай хан атындағы жоғарғы колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен кроссфит жарысы өтті.
Жастар арасында денешынықтыру және спортты дамыту, білім алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатын көздеген жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті.
ТжКБб білім алушылары арасында өткен қалалық сайысқа Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің құрамасы да қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Колледж құрамасы сапында өнер көрсеткен Дмитриева Мария (Т-21-9 оқу тобы) Әбдірахым Әлмұрат (Тж-21-9 оқу тобы) және Өсербай Мәдиді (Қ-21-9 оқу тобы), сондай-ақ, спортшыларды жарысқа дайындаған колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Нұрманов Еркінді аталмыш жетістіктерімен құттықтаймыз!
P.S. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін айта кетейік, дененің көп жақты физикалық дамуына негізделген спорттық қозғалыс кроссфит (CrossFit) деп аталады. Оның негізін қалаушы - Грег Глассман, кәсіби гимнаст болды. Мұндай жаттығуларға ауыр атлетика, бодибилдинг, фитнес, пауэрлифтинг, гимнастика және ауыр атлетика элементтері кіреді. Бұл бағыттағы жаттығулар әр түрлі дене тәрбиесі бар адамдарға арналған бірнеше топқа бөлінеді.
237