Жаңалықтар
11 мамыр 2022 ж, 12:15
ТӘРТІПКЕ БАС ИСЕҢ...
Бүгін колледжімізде Облыстық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың, топтық төбелестердің, қылмыстардың, жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының нашақорлықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу» шараларына арналған кезекті отырыс болып өтті.
Кездесу барысында отырысқа қатысушы сала мамандары, атап айтқанда, облыстық білім басқарамасының тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің бас маманы Шолпан Рүстемқызы, полиция лейтенанты Қанибаев Жарылқасын, Жастар ресурстық орталығының психологы Әбсамат Еркебұлан, облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Әбдеш Әсел жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Бәрімізге белгілі, Жастар - қоғамымыздың өзегі болып табылады. Еліміздің өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Ежелден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмағаны анық.
Сала қызметкерлерімен қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Оқушыларға топтық төбелестің, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, нашақорлықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың және жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар анонимді сауалнамалар алынып, тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылып, білім алушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берілді.

227