Жаңалықтар
01 қыркүйек 2022 ж, 13:47
КЕМЕЛ БІЛІМ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Колледжімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Биыл біздің колледжді таңдап, жүрек қалауларын жүзеге асыған жеткіншектер қатары қалың. Тәубе дейміз! Білім нарығында бәсекеге қабілеттілік танытып, таңдаулылардың қатарында тұру - қаншама қажырлы қайрат пен педагогикалық тәртіптің, ақыл мен парасаттың жемісі. Жас талапкерлердің біздің оқу орынын таңдағаны таңданыс тудырмайды, керсінше үлкен міндет пен жауапкершілік арқалатады.
Елімізде техникалық білім берудің, техникалық мамандықтар даярлаудың маңызы зор. Осы үдеден ұдайы шығып келе жатқан Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің ұжымына, сондай-ақ барша білім алушылар мен ата-аналарға "Білім күні" мерекесі құтты болсын дейміз!

"Білім күніне" арналған салтанатты шарадан соң барлық білім алшуылар өз топтарында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс;
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру;
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.
245