Жаңалықтар
07 қыркүйек 2022 ж, 14:26

АНА ТІЛІҢ - АРЫҢ БҰЛ

        "Қазақстан халқының тілдері күні" мерекесі аясында колледжімізде "Қазақ тілі - тұғырым" атты апталық өтіп жатқаны белгілі. Аталмыш апталықтың кезекті күнінде колледж білім алушылары М. Ералиева атындағы мәдениет Үйінде орналасқан кітапханада шара өткізді. Шара ұйымдастырушысы - Жастар комитетінің жетекшісі Назерке ЖАҚСЫҒҰЛОВА.
      Колледждің жаңадан келген білім алушыларын М. Ералиева атындағы мәдениет ошағымен, онда орналасқан қалалық кітапхананың жай-жапсарымен таныстыруды мақсат тұтқан шара барысында, ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлына арналған бұрыш таныстырылды. Ғалымның шығармалары, өлеңдері мен басқа да еңбектері таныстырылды. Сондай-ақ, осы мәдениет Үйінің қызметкері, вокал үйірмесінің жетекшісі, танымал өнер адамы Жұмабай ШЕРНИЯЗОВ оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығынан ғаламат ән орындап берді. Арқаның кең тынысты әуенін нақышына келтіре орындап қана қоймай, оның тарихын да айта кетуді ұмытпады.
         Шара соңында колледж білім алушылары кітапхана тынысымен танысып, кейбір студенттер оқырман бюллетендерін аштырып жатты... 


180
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan